1.2.
Мал
сою бекеттері мен ет өңдейтін цехтар
Ет өңдеу кәсіпорындарын тек қана өндіріс орындары деп қана қарамай,
санитарлық талаптардың орындалуы өндірістік мақсаттан жоғары қойылатын
ветеринаролық
-
санитарлық мекеме деп қарастырған жөн.
Ет өңдеу кәсіпорындары өздерінің үлкен
-
кішілігіне қарамастан санитарлық
және экономикалық жағынан
үлкен маңызға ие.
17
Мұндай ет өңдеу кәсіпорындарының санитарлық маңызы адамдардың
денсаулығын қорғау және сойылатын малдан алынатын өнімдердің санитарлық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұрады. Сондықтан ет өңдеу кәсіпорындарына
келесі талаптар қойылады:
1.
Халықтың тұтынуына қажетті жоғары сапалы ет және жеңіл өнеркәсіпке
қажетті шикізат өндіру;
2.
Халықты жануарлар еті мен ет өнімдері, не болмаса техникалық
шикізаттары арқылы берілетін
аурулардан сақтау;
3.
Құрт ауруларының (гельминттер) эпизоотиялық таралуына жол бермеу;
4.
Ет өнеркісібі қалдықтарымен топырақтың, су көздерінің және ауаның
ластануына жол бермеу.
Сонымен қатар ет өңдеу кәсіпорындарының санитарлық маңызы
жекелеген адамдардың малды әр жерлерде сойып ортаны ластауына жол
бермеуге мүмкіндік жасайды.
Ет
өңдеу кәсіпорындарының экономикалық маңызы техникалық жағынан
қамтамасыз етілген және жоғары мамандармен қамтылған кәсіпорындардағы
жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы малдан алынатын шикізатты толық
пайдаланып адамзат қажеттілігіне жаратуға мүмкіндік туылады. Осындай
шикізат көздерін толықтай іске асыру ет өңдеу кәсіпорны шығаратын өнім
санын арттырып, оның өзіндік құнының төмендеуіне әсер етеді.
Малды ет өңдеу кәсіпорындарынан тыс жерлерде сою кезінде көптеген
қосалқы шикізат көздерінің (мал қаны, сирақтары, ішек
-
қарын, сүйектері және
т.б.) кәдеге аспай қалуы себепті халық шаруашылығына үлкен экономикалық
зиянын тигізеді. Сонымен қатар терісін ажырату мен бөлшектеу
жұмыстарының дұрыс жүргізілуі себепті ет пен тері өнімінің сорттылығы да
төмендейді.
Сурет
1. Мал сою цехы
18
Ет өңдеу кәсіпорындарын салуда орындалатын талаптар.
Ет өндірісі
кәсіорнын салу үшін таңдалатын жерлер:
Практика мен жүргізілген экономикалық сараптаулар оларды мал және
тауарлы құс шаруашылығы жақсы дамыған аймақтарда, шикізат өндіретін
фермалардан 50
-
ден 150 км қашықтыққа дейінгі аралықта салған дұрыс
екендігін көрсеткен. Осындай жерлерге салынған кәсіпорындар сойылатын
малдарды алыстан тасымалдамауға, малдың тауарлы кондициясын сақтауға,
эпизоотияның таралуына жол бермеуге мүмкіндік жасайды.
Мұнда ет өңдеу кәсіпорнының қуаттылығы бір сменада 30
-
50 т. ет өндіре
алатындай етіп салған тиімді екендігін көрсеткен.
Ет өңдеу кәсіпорнын салуға арналған орынды таңдау барысында
санитарлы
-
қорғаныс аймағының сақталуын, яғни тұрғын үйлер мен
шаруашылықтардың мал ұстайтын қора
-
жайларынан белгілі бір қашықтықта
болы назарға алынады. Мұндай ара
-
қашықтық егер ет өңдеу кәсіорнында сою
цехы болатын болса 200 м, ал сою цехы болмаған жағдайда
Ет өңдеу кәсіпорындарының түрлері.
Ет комбинаты (Мясокомбинаты
).
Бұл ет өнеркәсібінің негізгі кәсіпорны болып саналады. Бұл жерлерде мал
мен құсты етке союдан басқа, шұжық (колбаса) және де басқа ет өімдеріне
өңдеуге, ет және дайындалған ет өнімдерін сақтауға жағдай жасалған.
Өнім шығару қуаттылығына байланысты ет комбинаттары 5 категорияға
бөлінеді:
І
-
ші категорияға жылына 35 мың тоннадан артық ет, шұжық және ет
өнімдерін өндіретін комбинаттар жатады
ІІ
-
ші категорияға 20
-
дан 35 мың тоннаға дейінге
ІІІ
-
ші категорияға 8
-
20 мың тонна;
ІV
-
ші категорияға –
3-
8 мың тонна;
V-
ші категорияға –
3 мың тоннға дейінгі ет өндіруші комбинаттар жатады.
Ет комбинатының өндірістік жайы негізінен бір қабатты болып келеді, тек
кейбір өте үлекен қуатты комбинаттар ғана 2
-
3 қабатты (этаж) болып келеді.
Ет комбинатында үш жеке жайлары (корпустары) болады: етмай, шұжық
және тоңазытқыш жайлары. Әр жайларда өзіндік цехтары бар. Мысалы етмай
жайында малды сою алдында ұстайтын цех, субөнімдер цехы, ішек
-
қарын
цехы, тағамдық майлар, тағамдық альбумин, малазықтық және техникалық
өнімдер, техникалық альбуминдер, тағамдық желатиндер, тері консервациясы
және т.б. Ірі ет комбинаттарына тиесілі басты артықшылықтар ретінде –
өндіріс
үдерісінің конвейерлік жүйесі мен толықтай автоматтандырылуының
арқасында жұмыстың ретімен үздіксіз жүргізілуін және еңбектің атқарылуы
мен өнімділігін арттыруды қамтамасыз етуді айтуға болады.
Салқындатқыш жайлар (Хладобойни
)
Жануарларды алғашқы өңдеуге арналған жай. Бұл жерлерде ұшаны алу,
термиялық өңдеу (салқындату, қатыру) және сақтау жұмыстары атқарылады.
Салқындатқыш жайдың негізгі атқаратын міндеті қатырылған етті сақтап,
19
қажет болған кезде тұтынушыларға жөнелтіп тұратын жай болып табылады.
Салқындатқыш жайға арнайы темір жол желісі тартылады.
Қасап орындары (бойни).
Мал сою бекеттері малдарды союға арналған механикалық жағынан
қамтамасыз етілмеген шағын жай болып келеді. Мұндай мал сою бекеттерінің
негізгі мақсаты шағын елді мекендер (аудан не болмаса жұмысшылар
елді
мекендерінің) халқын ет және кейбір ет өнімдерімен қамтамасыз ету.
Мал сою бекеттеріндегі еңбек үдерісі негізінен жануар етін алғашқы
өңдеуден, яғни ұша дайындау, май, субөнімдер және тері алудан құралады. Бұл
бекеттерде өнімді ары қарай тереңдете өңдеу жұмыстары жүргізілмейді.
Алайда тез бұзылатын қан, қарын мен ішектер сияқты мүшелердің ет
комбинаттарына жетуін қамтамасыз ету мақсатында оларды тазалау сияқты
жұмыстар жүргізіледі. Мұндай сою бекеттерінің қуаттылығы сменада 10
-
15 т
көлемінде болады.
Мал сою бекеттері (Скотобойные пункты
)
Мал сою бекеттері –
көлемі шағын ғана келген және қуаты да аз мал сою
орыны болып табылады. Мұндай мал сою бекетінде бірт ауысымда (сменада)
етке 20 бас ірі қараны, не болмаса 100 бас қойды союға болады.
Сурет
2. Шағын мал сою бекеті
Құс өнімін өңдеу кәсіпорындары.
Бұларға құс комбинаттары мен ірі құс фабрикаларында орналасатын құс
соятын орындар
жатады. Құс соятын орындарда бір ауысымда 3 т. құс етін
өндіре алады
.
|