Зардап шеккендерді тасымалдау және
жараға таңғыш қою
Жоспар
1.Кіріспе
2.Таңғышты ораған кездегі ережелер
3.Зардап шеккендерді тасымалдау
4.Жараға таңғыш қою және оның
түрлері
Кіріспе.Алғашқы көмек — адам өміріне немесе
денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап
қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін
қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр
түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға
бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы
көмектің негізгі шаралары:
апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару
(өрттен, судан шығару);
апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды
жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу);
қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың
немесе қолдың қозғалысын тежеу;
жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау,
апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне
жеткізу
немесе
жедел
медициналық
көмек
көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы
арқылы пайда болған ауруды жара инфекциясы деп атайды.
Микробтар
жараға
жарақаттаушы
заттармен
ағаштың
қабығымен,
жердегі
түйіршіктерден,
ауадағы
тозаңнан,
жараның төңірегін қолмен ұстау арқылы енеді.
Антисептика-жараға
түскен
бактерияларды,
микроорганизмдердің
өлтіретін немесе олардың тіршілігін
әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық
заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде
хлорамин ертіндісі, йод тұнбасы, спирт, сутегі қолданылады.
2.Таңғышты ораған кезде міндетті түрде негізгі ережелерді
ұстану керек.
Таңған кезде жанға қатты батпау үшін, дененің
зақымдалған бөлігін ұстап тұру керек.
Бинтті оң қолмен жоғары қарай тарта ұстап, сол
қолмен таңғышты ұстап, оның қыртысын жазып
отыру керек.
Бинтті солдан оңға қарай жарақаттың үстінен тоқтатпай
орайды. Таңғышты оның қан айналымын бұзбау үшін
аса қатты байламау керек.
Алғашқы медициналық көмекті көрсеткен кезде,
бастапқы таңғышты қоюдан бұрын сырқаттың жанын
ауыртпай және жараны зақымдамай оның бетін ашу
қажет.
Сыртқы киімді шешеді немесе тігісі бойынша кеседі. Ең
әуелі дененің сау жағындағы киімді содан кейін ауырған
жағындағы киімді шешеді.
Зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсетіп, содан кейін
оларды
емдеу
бекеттеріне
немесе
ауруханаға
жөнелтеді.
Жарақаттанған адамды алып шығудың бірнеше әдістері бар. Мұның
барлығы жарақаттың қандай, ауыр-жеңілдігіне, қолда бар құралдарға
және жарақаттанған адамдардың аз көптігіне байланысты. Зардап
шегушілерді емдеу мекемесіне жеткізу кезінде оған қосымша
зақымдар мен жанын қиналтпау үшін нақты ережелер мен талаптарды
қатаң сақтау керек.
3.Жарақатына байланысты әр түрлі жолмен
тасымалдайды:
-
басы, омыртқасы және
аяқ-қолдары
жарақаттанған есі бар
зардап
шегушілерді
арқасымен шалқасынан
жатқызып
тасымалдайды,
-
талықсу кезінде
шалқасынан, басын
денесінен төмен
салақтатып, аяғын
биіктеу көтеріп алып
жүреді;
-
омыртқа
зақымданғанда және
адам есін білмегенде
зардап шегушіні
екбетінен жатқызады;
- кеуде клеткалары
зақымданған кезде жартылай
отрырғызып, тізесін бүктіріп,
тақымының астына киімнен,
көрпеден домалақтап салып
алып жүреді.
Кеуде клеткасы жараланғанда зақымданушыны
тасымалдау:
Жаралы адамды жұмсақ затпен орап, жылы ұстау
керек. Іші жарақаттанған адамға су беруге
болмайды
.
Есінен айырылғандарға нашатыр спиртін
иіскетеді, демалысы тоқтағандай болса, қолдан
демалдыру амалын жасайды. Биікке көтерілетін
болса ауру адамды горизонталдық бағытта
жатуын қадағалау керек
.
Жарақаттанған адамды жалпақ тақтайға, есікке,
баспалдаққа, жинамалы төсекке салып алып жүруге
болады. Кейбір жағдайда екі адамның қолынан кілт
жасайды. Бұл әдіспен есінен айырылғандарды немесе
қолы, аяғы жарақаттанғандарды алып жүреді.
4.Иық буынына таңғыш қою
• Шынтақ буынға таңғышты шынтақ шұңқыры арқылы бинтті екі-үш ораудан
бастайды және бұдан әрі бинтті спиральды орамдармен айқастыра орай оны
білекке және иыққа шынтақ шұңқырында айқастыра байлайды.
• Иық буынына таңғышты кеуденің қолтық шұңқырының сау жағынан және
иыққа, қолтық шұңқыры арқылы зақымдалған иықтың артынан сыртқы жақ
үстіне сау қолтық арқылы арқаның үстімен кеудеге апарады және бүкіл
буынды жапқанша бинт орамдарын қайталай отыра оның үшін түйреуішпен
кеудеге бекітеді.
• Қолға, білек пен аяққа спиальды, масақ тәріздес, крест тәріздес
таңғыштар қояды.
Саусаққа спиралды таңғышты білезік төңірегін ораудан
бастайды, бұдан әрі бинтті қол шашағының асты бойынша
тырнақтың маңайына апарады және бинттің спиралды
орамдарын аяғынан негізіне дейін және керсінше ораммен
қол шашағының асты бойынша бинтті білезікке бекітеді.
Алақан немесе қол шашағының асты зақымданған кезде
крест тәріздес таңғышты білезікке орап бекітуден бастап
бұдан әрі, білезіктің асты бойынша алақанға жеткізіп қояды.
Дененің төменгі жағында спиралдық таңғыш
сырғып кетеді, сондықтан іш пен шап төңірегіне
масақ тәріздес таңғыш қойылады, ол іш төңірегін
айнала ораудан басталады, бұдан кейін бинт орамы
санның үсті бойынша оның жанынан өтеді және бұдан
әрі іштің маңайынан шеңберлі орамдар қайталанады.
Іштің төменгі жағына және шап төңірегіне масақ тәріздес
таңғыш қою
Сирақ пен санға білекпен иықтағыдай спиралды
таңғыш қояды.
Тізе буынға таңғышты тізе астындағы шұңқыр
арқылы шеңберлі орамды жүргізе бастайды, бұдан
кейін бинт орамдары кезекпен жоғары -төмен
жүргізіліп тізе астындағы шұңқырға айқастырылады.
Өкшенің айналасына таңғыш қою
Өкше маңайына таңғышты оның шығып тұрған бөлігі
арқылы бинттің алғашқы орамымен қояды (1), бұдан әрі
кезекпен бинттің алғашқы орамын жоғары (2) және төмен (3)
рет орайды, ал оны бекітіп байлау үшін бинтті қиғаштай (4)
сегіз тәріздес (5) байлайды.
Сирақ-табан
буынына
сегіз
тәріздес таңғыш қояды. Бинттің
алғашқы
байлайтын
орамын
жіліншіктен
жоғары
жүргізеді,
бұдан әрі төмен табанға және
табанның айналасына апарады,
бұдан кейін табанның астымен
бинтті өткізіп жіліншіктен жоғары
апарып табанға қайтарады, бұдан
кейін жіліншікке апарып бинттің
ұшын
шеңберлі
ораммен
жіліншіктен жоғары бекітеді.
Сирақ-табан буынына сегіз тәріздес таңғыш қою.
Назарларыңзға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |