Темірдей қатты білектері неміс төбеттерін қыраудан
қалыраған
емес: қанша қырса,
сонша күшейе береді. Үрейі ұшқан немістер Мәлікті көрген жерден - ақ зыта бастайды»,-
деп жазған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылдың 30 қаңтарында бұйрығымен
Кеңес Одағының Батыры атағы берілген М.Ғабдуллин соғыстан оралған соң, ғылыми -
педагогтік жұмыстарын қайта қолға алады. Әдебиет зерттеушісі «Қазақ халқының ауыз
әдебиеті» монографиясында барлық жырлар, лиро- эпостық дастандар, айтыс, мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер т.б. жанрларға талдау жасады. Ал «Майдан очерктері»,
«Сұрапыл жылдар», «Менің майдандас достарым» кітаптарында майдан өмірін, жауынгер
тұлғасын, олардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Жас
ұрпақ тәрбиесіне арналған «Ата - аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде бесік жырынан
бастап, батырлық жырларына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін, оны іс жүзінде
пайдаланудың тәсілдерін көрсеткен.
М.Ғабдуллин Әдебиетінің институтының, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық
институтының (Ұлттық педагогикалық университеті) директоры болған.
Майдандағы қаһарман батыр, бейбіт күндегі ірі ғалым, педагог Мәлік Ғабдуллин -
қазақ халқының көрнекті тұлғаларының бірі.
Алматы қаласындағы бір көшеге М.Ғабдуллин есімі берілген. Алматы, Көкшетау
қалаларында Мәлік Ғабдуллин атында мектептер бар.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы
есімдік
деп аталады. Есімдіктің түрлері.
1. жіктеу есімдігі
2. сілдеу есімдігі
3. сұрау есімдігі
4. өздік есімдігі
5. жалпылау есімдігі
6. болымсыздық есімдігі
7. белгісіз есімдігі
Достарыңызбен бөлісу: