145
Екінші талдаушы будандастыруда Ғ
а
-да барлық мүмкін 4 типті
ұрпақтар алынды, яғни Ғ
1
аналықтары барлық мүмкін 4 гаметалар:
bvg, b
+
vg, bvg
+
жəне b
+
vg
+
қалыптастырды. Алайда Ғ
а
ұрпақтарында
бұл төрт типті гаметалар бірдей қатынаста пайда болған жоқ. Жы-
ныстарына байланыссыз шыбындар белгілердің келесідей ажыра -
уын көрсетті: 41,5% ұрпақ қара денелі жетілмеген қанатты; 41,5% екі
белгі бойынша да қалыпты, яғни сұр денелі жетілген қанатты; 8,5%
қара денелі жетілген қанатты; 8,5% сұр денелі жетілмеген қанатты
болып шықты. Сонымен, гендердің
ата-аналық үйлесімі
bvg жəне
b
+
vg
+
83% жағдайда көрінсе, ал жаңа
рекомбинатты үйлесім
bvg
+
жəне
b
+
vg 17% жағдайда қалыптасты.
Келесі тəжірибеде ата-аналар ретінде осы белгілері бар, бірақ
басқаша үйлесімдегі шыбындар алынды: қара денелі қалыпты
қанатты шыбындар сұр денелі жетілмеген қанатты шыбындармен
будандастырылды. Содан кейін тағы да талдаушы будандастырудың
екі түрі жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: