Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет138/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

Гендер дрейфі
– немесе генетикалық автоматтық үдерістер. Кездейсоқ 
себептердің, мысалы, популяциялар көлемінің азырақтау болуынан 
популяциядағы гендер немесе аллельдер жиілігінің өзгеруі.
Гетерогаметалық
– мейоздық бөліну кезінде жынысты анықтауға əсер 
ететін гаметалардың екі типін түзеуші (Х жəне У хромосомалары бар) жы-
ныс.
Гетерозигота
– генетикалық əртүрлі жасушалар беретін дарабас. 
Оның гомологтық хромосомаларының тиісті локустарында əртүрлі аллель-
дер болады.
Гетероплоидты
– қалыпты диплоидты саннан ауытқыған хромосома-
лар бар дарабастар, жасушалар.
Гетерохроматин
– телофазада, интерфазада жəне ертерек профазада 
тығыз құрылымда болатын хромосома аймағы немесе бүтін хромосома.
Гинандроморф 
– денесінің бір бөлігі таза аналық, қалған бөлігі таза 
аталық пішінді болып келетін дарабастар.
Гипостаз
– аллельді емес бір геннің əсерінен екінші геннің көрінбей 
басылып қалушылық жағдайы.
Гомогаметалы жыныс
– мейоздық бөліну барысында бірдей жыныс 
клеткаларын түзетін жыныс.
Гомозигота
– гомологтық хромосомалардың дəл сол локусында екі 
бірдей аллельдері болатын клетка немесе организм.
Делеция
– хромосомалардың ішкі учаскелерінің бірінің жоғалуы.
Дефишенси
– хромосоманың шеткі бөлігінің бөлек кетуі.
Диакинез
– ядро қабығының жоғалуы алдындағы мейоздық бөлінудің 
бірінші профазасының соңғы кезеңі.
Дигетерозигота
– екі жұп аллельдер бойынша гетерозиготалы будан.
Дигибрид
– дигетерозиготаның синонимі.
Дигибридтік шағылысу
– əртүрлі екі локустарында əртүрлі аллельдері 
бар ағзалар арасындағы шағылысу.
Диморфизм
– түрдің ішінде əртүрлі екі формалардың, морфологиясы 
өзгеше хромосомалардың, бір өсімдікте əртүрлі екі типтерінің болуы.
Диплоид
– дене жасушаларында гомологтық хромосомалардың екі 
жиынтығы бар ағза.
Диплотена
– мейоздың бірінші профазасы кезеңдерінің бірі, гомологтық 
хромосомалардың учаскелері арасында хиазмалардың жаңа ғана түзілетін 
кезеңі.


256
Жыныспен тіркескен гендер
– жыныс хромосомаларында орналасады 
(Х,У), осы гендердің бақылауында болатын белгілер жыныспен тіркескен 
тұқым қуалау деп те аталады. 
Жиынтық
– биометриялық есептеулер жүргізу үшін қажетті, 
зерттелетін ортақ белгілері бойынша топтастырылған, көрсеткіштер сипа-
ты салыстырмалы түрде бірыңғай болғанымен, өзіндік өзгешеліктері бола-
тын дарабастар тобы.
Жиілік
– жиынтықтағы белгі мəнінің қанша рет кездесетінін көрсететін 
абсолюттік көрсеткіш. 
Зигота
– жұмыртқа жасушасы мен сперматазоидтың қосылуы 
нəтижесінде түзілетін диполидты жасуша.
Идиограмма
– хромосомалар жиынтығындағы əрбір жекелеген 
хромосомалардың салыстырмалы мөлшерін, центромераларының, 
серіктерінің жəне екінші тартылуларының орындарын, гетерохро-
матиндерінің, иіндерінің ұзындығын көрсететін схемалық бейне.
Инбридинг
– туыстас дарабастар арасындағы шағылысу.
Инверсия
– хромосомаішілік құрылымдық қайта құрылу нəтижесінде 
болатын өзгеріс.
Индекс
– күрделі белгілерді, құбылыстарды салыстыруға қатысты шама. 
Ол қарастырылып отырған құбылыстың осы деңгейінің, сол құбылыстың 
өткен деңгейімен салыстырғанда қаншалықты өзгеретінін көрсетеді.
Интервал
– вариациялық қатардағы екі белгілер көрсеткіштері 
арасындағы мəн.
Инсерция
– ауысушы генетикалық элементтің хромосома немесе 
плазмидтің жаңа бір жеріне қосылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет