66
Жүргізген зерттеулеріне талдау жасаудың негізінде Мендель
келесідей қорытынды жасады: рецессивті бастамалар гетерозигота-
лы ағзада жоғалмайды, өзгеріске ұшырамайды жəне көбею кезінде
дəл сондай рецессивті бастамалармен кездескен кезде, яғни келесі
ұрпақтарда қайтадан көрінеді. Мендельдің осы гипотезасын У. Бэтсон
1902 ж.
гаметалардың тазалық ережесі
ретінде генетика ғылымына
енгізді. Бұл ереже бойынша ажырау құбылысының негізінде до-
минантты жəне рецессивті бастамалардың гетерозиготалық ағзада
бірімен-бірі араласып кетпей, гаметалар түзген кезде
таза
күйінде
ажырайтындығы жатыр. Мейоз үдерісінің ашылуымен Мендельдің
осы жорамалы толық цитологиялық дəлелдеме алды: əрбір жыныс
жасушасына гомологты жұп хромосомалардың тек бір сыңары ғана
түседі, яғни жұп геннің біреуі, ал гаметадағы алуан түрдің гендердің
қисындасуы кездейсоқ жүреді де, статистика заңдылығына
бағынады.
Мендель заңдары барлық тірі ағзалардың, соның ішінде адамның
көптеген қалыпты жəне паталогиялық белгілеріне де тəн жəне
олардың практикалық маңызы үлкен. Адамда кездесетін көптеген
аурулар Мендель заңына сəйкес тұқым қуалайды, осы туралы
мəліметтерді келесі 7-кестеден көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: