139
тыңайтқышы (N) және 43,2% фосфор (Р) тыңайтқыштары енгізілді. Азот тыңайтқышы қара
сексеуілдердің
вегетация басында енгізілді, ал фосфор тыңайтқышы тамыз айында
енгізілді. 21- 24 жас аралығындағы тұқымдық қара сексеуіл
алқа ағаштарына енгізілген
тыңайтқыштардың және суғарудың әсері 1 кестеде келтірілген.
Кесте 1 – 21-24 жас аралығындағы тұқымдық қара сексеуіл алқа ағаштарына енгізілген
тыңайтқыштардың және суғарудың әсері..
Жас тобы
Суару
нормалары
Бір
тұқымдық
ағашқа енгізілген
тыңайтқыш
дозалары
Тұқымдық
ағаштар
саны, дана
Тұқым беру балы
21-24л
320л
N-800г; Р-1600г
5
3
N-1600г; Р-3200г
5
4
тыңайтқышсыз
5
3
Айта кететін жайт, аталған тәжірибеде алынған қара сексеуіл алқа ағаштары және
жалпы алғанда қара сексеуіл алқаптары нашар тұқым беруі жылы болатын.
Осындай
жағдайда, піскен екпелер (21-24 жастағы) су мөлшері 320 литр және
тыңайтқыштар нормасы N-800г; Р-1600г
болғанда, тұқым беру көрсеткіші бір қалыпты
болған. Сондайақ суғару мөлшері бірқалыпты ал тыңайтқыш нормасын екі есеге ұлғайтқан
кезде (N-1600г, Р-3200г) тұқым беру көрсеткіші 3 баллдан 4 баллға өскен.
Қорытынды
Қорта
келгенде, 21-24 жас аралығындағы қара сексеуіл алқа ағаштарының суғару
мөлшері 320 литр, ал тыңайтқыштар нормасы N-1600г; Р-3200г болғанда,
оның тұқым
өнімділігін арттыруына оң әсерін береді.
Достарыңызбен бөлісу: