Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет254/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

ӘОЖ 378.147:54 
Наурызбаева Ш.Қ. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
Аңдатпа 
Мақалада ақпараттық технологиялар арқылы химиялық білім беруде студенттердің
шығармашылық қабылетін дамыту үшін қазіргі заманға сай технологияларды қолдану 
қажеттілігі көзделген.
Кілт сөздер:
білім беру, инновациялық процестер, оқыту технологиялары, 
ақпараттық технология, ақпараттық – коммуникациялық технология.
 
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары 
жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде 
оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде. 
Оқыту үрдісін көлемді инновациялық оқыту технологиялары арқылы қалыптасуды 
қажет етеді. Білім беруді жаңарту, ХХІ ғасыр тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі ретінде 
білім алушыларға жан - жақты білім берудің ауқымды мәселелерінің бірі ретінде саналып 
келеді.
Оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар ғылым, техника, 
өндірістің дамуымен қатар қуып жетіп отыра алмайды. Сондықтанда да олар білім 
алушылар үшін барлық қажетті уақыт талабындағы ғылыми білімдердің деңгейін барлық 
кезде көрсете алмайды. Осы себептерге байланысты оқыту мен тәрбиелеуде бағдарлама 
мазмұнын жаңартып, іріктеп отыру қажеттігі туады. Маңызды нәтижелерге жету үшін жаңа 
үйлесімдегі барлық әдістер мен құралдарды қолдана отырып, жаңа педагогикалық жүйелер 
жасау қажет.
Жаңаша жаңғырту әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің дербес қабілеті 
белсенділігін қалыптастыру, окыту материалдарын өзінше пайдалану аркылы танымдық 
белсенділігін арттыру алға шығады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – 
бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың 
біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-
тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог 
мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы 
бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге 
білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, 
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді 
қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда 
жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. 
Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім 
беруді кажет етеді. 
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді 
алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан 
талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. 
Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі 


186 
тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы 
дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол 
ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады. 
Компьютерге негізделген технологиялық жүйе жоғарғы дәрежелі білім беруге 
мүмкіндік жасайды. Мысалы, мәтін, дауыс, анимация, видеоқұрылғы, үш форматты 
сурет т.б. 
Химия пәнінде өте күрделі формулалар, атомның электрондық құрылысы, 
молекуланың кеңістіктік конфигурациясы, химиялық байланыстар көрсетіледі. 
Студенттерге химия пәнінде зертханалық жұмыстарды да акпараттық технологиялар 
арқылы көрсетіп, одан соң тәжірибе жасап талдасақ өте түсінікті болады. 
Химиялық білім беруде косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык 
мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай 
мәліметтерге графиктер, схемалар, иллюстрациялар жатқызуға болады. Мұғалім 
араласпай -ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті 
акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, 
карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-
аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын 
калыптастыруға мүмкіндік туғызады. 
Жаңа акпараттық технология кұралдарын химия пәнінің кіріктірілген сабақтарында 
пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз 
білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік 
техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім 
мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді: 
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
презентацияларды кұрауды біледі. 
Бағдарламалық оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау 
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардың еңбек ету мен дағдысының 
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға 
мүмкіндік туғызады. 
Ақпараттық – коммуникациялық технология химиялық білім беруде электрондық 
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, 
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте 
жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық 
әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім 
беруді жетілдіруді көздейді. 
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты 
білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын 
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы 
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. 
Химиялық білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды 
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра 
отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды 
және 
студенттердің 
эксперимент 
жасауына 
қызығушылығын 
тудырады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында :«Білім беру жүйесінің басты 
міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп 
көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және 
оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында 
мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, 


187 
логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік 
даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, 
ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы 
әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен 
құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның 
дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды 
қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: жоғары оқу орындарының 
материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен 
міндеттеріне; 
студенттердің 
ақпараттық 
мәдениетін 
қалыптастыру 
жүйесіне; 
педагог мамандардың химиядан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - 
тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
 
Білім берудегі интерактивті ехнология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act 
(әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға 
қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысы 
Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңейтуде химиядан сандық 
есептеу шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға 
негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады. 
Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. 
Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық 
есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін 
қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде 
арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр: 

ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия 
ғылымының негізін меңгеру; 

химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас 
қалыптастыру; 

оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет 
экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу. 
Компьютерлік технологияны пайдалану, оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертіп, 
оқытуды ұйымдастыруда жаңа әдістер мен формалардың төмендегідей мүмкіндіктерін 
байқатады: 
-
студенттердің-болашақ өнер мамандарының жеке қабілеттерін ашуға және олардың 
жеке тұлғалық қасиеттерінің жетік дамуына; 
-
студенттердің танымдық қабілеттерінің қалыптасуына және шығармашылығының, 
өздігімен жетілуіне ұмтылуға; 
-
оқыту мен тәрбиелеу процесі мазмұнын, формалары мен тәсілдерін үнемі жаңартып 
отыруға септігін тигізеді. 
Студент компьютерлік технологияны толық меңгермей, оның күрделі де қызықты 
әдістері мен жолдарын зерделемей, алдында тұрған компьютерлік технологияға қатысты 
тапсырмаларды шешуі мүмкін емес.
Жоғары оқу орындарында мамандардың кәсіби даярлығын ұйымдастыруда 
компьютерлік технологияны пайдалану реттілікті болжайды: оқытудың құралдары, пәнді 
зерттеу, кәсіби тапсырмалардың шешімін іздестіру. Сонымен бірге білім алушыларға 
мынадай білім дағдыларын меңгертуді көздейді: педагогикалық аспаптық құралдардың 
тұжырымдамалық тұрғыда жасалуын; оқу-ақпараттық ортаның жас маман даярлығының 
өзінің кәсіби ортасына бейімделе білуін; ақпараттық технология арқылы студенттердің 
кәсіби-бағдарлық тапсырмаларды шешудегі даярлық деңгейін. Болашақ мамандардың 
компьютерлік технологияны пайдаланудан практикалық білім негіздерінен тәжірибе 
жинақтауын қажет етеді. Компьютерлік технологияны меңгеру: олардың атқаратын 
міндеттерін; жұмыстың негізгі қағидаларын, қолдану саласын білуді; технологиялардың 


188 
ұсынған негізгі функционалдық мүмкіндіктерін білуді; бағдарламалық құралдармен жұмыс 
жасау тәсілдерін жетік білуді, оларды шығармашылықпен практикада пайдалануды 
қарастырады. 
Компьютерге негізделген технологиялық жүйе жоғарғы дәрежелі білім беруге 
мүмкіндік жасайды. Мысалы, мәтін, дауыс, анимация, видеоқұрылғы, үш форматты сурет 
т.б. 
Химия пәнінде өте күрделі формулалар, атомның электронды құрылысы, 
молекуланың кеңістіктік конфигурациясы көрсетіледі. Оларды нәтижелі оқыту үшін 
электронды оқулықтың маңызы зор. 
Студенттердің сапалы білім алып, мамандығы бойынша таңдамалы маман болуы үшін 
электрондық оқулық үлкен сұранысқа түсіп отыр. 
Студенттердің білімін көтеру, білім сапасын жақсарту мақсатында “Жалпы және 
бейорганикалық химия” пәнінің тақырыптары бойынша электронды оқулықты құрастыру 
әдістемесі келтіріліп отыр. Оқушылар өздерінің білім көлемін өз бетімен толықтырып, 
емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық ойлауын, 
қабілеттіліктерін дамытады. Ал оқушылар үшін ашық әдістемелік жүйе, өзінің іс-
тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық ізденістері негізінде оқулықты толықтырып, 
дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды оқулықты қолдану оқушылардың 
жоғары белсенді дүниетанымын және өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқыту үрдісін 
саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі. 
Компьютерлік технологияны оқытуда пайдалану – уақыттың талабы. Бүгінгі күннің 
басты міндеті, компьютерлерді оқытуда жинақталған тәжірибелерге жан-жақты талдау 
бере отырып, компьютерлік оқытуды бағдарламалық және әдістемелік тұрғыда 
қамтамасыздандыру болып табылады.
Сондай-ақ, әлемдік жүйе – Интернеттің қосылуы қолданушының үлкен ақпаратпен 
қамтылуымен бірге, өз ақпаратымен бөлісіп, ойын жеткізу үшін қолданылады және де 
Интернеттің бір жетістігі – ол әлемде болып жатқан жаңалықтарды жеткізуші болып 
табылады. Ізделінген ақпарат жинақталып, топтастырылып берілуі уақытты үнемдеуге, 
нақты ақпарат алуға, өткен мен болашақтағы болжамдармен танысып, алдыға қойған 
мақсатқа жету барысында жасалып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер алуға болады. 
Интернет жүйесінің анықтамалықтар, ғылыми және әдістемеліктер ретінде топтастырылуы 
оны қолдануға жағдай жасайды. Түрлі интерактивті оқыту бағдарламалары және 
тренажерлар оқу жүйесінің бұрынғы бейнесін өзгертеді. Оқу кабинетінің өзінде 
электрондық ресурстардың құрылуына алып келеді. Ол – қағазсыз ақпаратпен танысу, 
орындау, өзгерту электронды құралдармен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Мультимедиялық 
құралдар арқылы студенттің алған білімін тексеру тек дәстүрлі реферат немесе 
баяндаманың орнына текст пен суретпен бірге дауыс, фото, графиканы қолдана отырып, 
материалды ұсыну болып табылады.
Компьютерге негізделген технологиялық жүйе жоғарғы дәрежелі білім беруге 
мүмкіндік жасайды. Мысалы, мәтін, дауыс, анимация, видеоқұрылғы, үш форматты сурет 
т.б. 
Интерактивті тақтаны пайдалану сабақты жаңаша әдіспен түсіндірумен оқушылардың 
назарын аударады, жалпы химияға қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабаққа 
дайындалуға белсенді түрде кіріседі, бұл олардың оқу – зерттеу жұмыстарын да 
шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыларын дамытады, тек химия пәнін оқытуда ғана 
емес, информатика және мультимедиялық білім алуда жоғары жетістіктерге жетуге 
мүмкіндік береді. 
Білім беруде «электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық 
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, 
шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. 


189 
Электронды оқулықта барлық тәжірибелер, тарау бойынша тест сұрақтар, өзіндік 
есептер, зертханалық жұмыстар толықтай қамтылған. Оқушылар электронды оқулықты 
пайдалана отырып, үлкен ізденіс үстінде жұмыс істеуге, оқуға, дүниені біліп-тануға деген 
қабілеті шыңдай түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет