Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет38/39
Дата11.03.2022
өлшемі319,68 Kb.
#135276
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Ұлттық сана сезім
– белгілі бір ұлттың этникалық бірлестікке тəн, оның рухани 
даму ерекшелігін білдіретін саяси, əлеуметтік, экономикалық, философиялық, 
адамгершілік, діни жəне т.б. идеялар пікірлер, көзқарастар жиынтығы. 
Ұлтшылдық
– ұлттық жекешелікке, артықшылыққа, басқа ұлттарға сенбеушілікке 
жəне бір ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат, идеология, психология 
жəне əлеуметтік тəжірибе. Ұлтшылдық ХVІІІ ғасырдың аяғында отаршылдық қанау мен 
əлеуметтік теңсіздікке қарсы наразылық ретінде пайда болған. Оның алдын алмаса, 
кейін халықтар арасындағы өшпенділікке айналып кетуі мүмкін. 
Фашизм 
– реакциялық, агрессивтік күштердің террорлық диктатурасы. Ол 1919 
жылы Италияда, содан кейін Германияда пайда болды. Оның ерекшеліктеріне 
жататындар: бір нəсілді екіншіден жоғары қою, мемлекетке барлық басшылықты беру, 
демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншуда шектен тыс күштеу əдіс-
тəсілдерін пайдалану, қоғамдық жəне жеке өмірді жаппай бақылауға алу жəне т.с.с. 
Екінші дүниежүзілік соғыс фашизмге күйрете соққы берді. Бірақ кейбір елдерде қазір 
жаңарған фашизм бой көрсетуде. 
Федерация
– 1) белгілі бір тəуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың 
бірігіп, одақтық жаңа мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің 
міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен 
ретеледі. Əрбір субъектінің өзінің жоғары билеу органдары болады. Бірақ олар орталық 
институттарға бағынады. Мысалы, Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, 
Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей жəне т.т.; 2) жеке қоғам, 
ұйымдардың одағы. 
Фракция
– 1) парламентте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жəне 
т.б. өз партиясының саясатын ұйымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір саяси 
партиялардың мүшелері; 2) партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз алдына 
бөлек оқшауланған, өзіндік бағыты, құрылымы, тəртібі бар, бірақ сол партияның 
қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі. 
Фундаментализм
– мұсылман елдеріндегі қоғамдық ойдың ислам діні негіздерін 
берік сақтау əрекеттері. Қазір ол саясатқа араласу, идеологияға басшылық жасауға 
тырысушылықта байқалады. Мысалы, Иран мемлекетінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет