ерітіндісімен, сосын күкірт қышқылды марганец, фенолды реактив және
кальций гипохлоридінің ерітіндісімен (осы тәсілді қою шарттары
бойынша) өңдейді. Қышқылға төзімді сапрофитті микобактериялар
өздеріне тән, көк түсті сақина түзеді.
3
Дәрі-дәрмектерге төзімділігін анықтау.
Бұл тәсілде бактерия
өсінділері туберкулостатикалық препараттардың (мысалы,
стрептомицин, фтивазид, ПАСК
(парааминосалицил қышқылы)
және т.б.) әртүрлі
концентрациялары қосылған қоректік орталарда өсіріледі. Әдетте
Mycobacterium tuberculosis
пен
Mycobacterium bovis
бұл препараттарға
өте сезімтал, яғни төзімсіз, ал қышқылдарға төзімді сапрофиттер мен
Mycobacterium avium
туберкулезге қарсы қолданылатын емдік дәрі-
дәрмектерге, әсіресе фтивазид пен ПАСК-ге төзімді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: