Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет212/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Патологиялық материал.
Зертханаға қабынған ошақтардан
алынған жарақаттардың кесіндісі мен олардың экссудаттары жіберіледі.
Зерттеуге үлгілерді жедел түрде жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда,
оларды глицериннің 40%-ды судағы ерітіндісінде консервілейді немесе
ұлпа кесінділерін дәкенің астында (шыбын шіркейлерден қорғау үшін)
кептіреді. Зерттеу жүргізудің алдында кепкен үлгілерді стерильді
ступкада физиологиялық ерітінді қоса отыра езеді, ал глицеринмен
консервіленгендерін алдын ала физиологиялық ерітіндімен шайып
157


алады. Дайын болған үлгілердің суспензиялары Пастер түтікшесінің
көмегімен Кит-Тароций және Вильсон-Блер орталарына себінді
жасайды. Өсіп шыққан аралас микроорганизмдердің өсінділерінен
қатерлі ісіктің қоздырғышын басқаларынан жеке бөліп алу үшін
Дригальский тәсілімен қан қосылған агарға қайта себеді. 
Морфологиясы.
Clostridium perfringens
ірі, ұштары дөңгеленген,
ұзындығы 4-8 мкм болатын, жылжымайтын, грам-оң полиморфты
таяқша (70-сурет). Топырақта, суда, қида және қоректік ортада ұзақ
уақыт бойы өсіргенде спора түзеді. Перфрингенс жасушаларының
капсула түзуі басқа анаэробтардан
бірден-бір айырмашылығы болып
табылады.
Clostridium septicum
морфологиясы
Clostridium perfringens
-ке ұқсас. Ол
спораны тек топырақта, суда емес,
сонымен қатар коректік орталар мен
жұқтырылған организмдерде де түзеді.
Спорасы жасуша ортасында орналасады,
Грам тәсілімен оң боялады, перитрих
(жақсы жылжи алады). Өсінділерден
дайындалған препараттарда жеке немесе
қысқа тізбек түрінде (71-сурет), ал
патологиялық материалдың жағынды-сында бактерия ұзын жіпше тәрізді
болып орналасады.
Clostridium novyi (C. oedematiens)
ірі таяқша, ұзындығы 10 мкм-ге
дейін жетеді, сілтілі орталар мен қоректік заттары аз орталарда спора
түзетін грам-оң бактерия (72-сурет). 
Clostridium histolyticum 
жіңішке, ұзындығы 3-5 мкм, ені 0,2-0,5 мкм,
жылжымалы, грам-оң таяқша. Капсула түзбейді, спорасы
субтерминальды орналасқан микроб. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет