Патологиялық материал. Зерттеуге үлгі некрозға ұшыраған
ұлпалар мен сау ұлпалардың ортасынан алынады. Материалға
физиологиялық ерітінді қосып, ұсақталғаннан кейін суспензия үй
қояндарына егіледі. Өлген жануарлардың зақымдалған органдарынан
жағындылар дайындап зерттейді және қоректік орталарға себінді
жасайды.
Микроскопиясы. F.necrophorum – жіңішке, жылжымайтын, грам-теріс,
спора мен капсула түзбейтін таяқша.
Жағындыларда қоздырғыш біркелкі
боялмай жіп тәрізді тізбек түрінде
орналасады (75-сурет). Цитоплазмасында
түйіршіктер кездеседі.
Өсінділік, биохимиялық және патогендік қасиеттері. Тік қатырылған
қан сарысуы бар агарда қоздырғыш 3-4
күннен кейін жасымық (чечевица) тәрізді
тарамдалған
жіпшелері
бар
колонияларды түзеді. Глюкоза, сахароза,
75-сурет. Fusobacterium necrophorum микроскопиясы 162
лактоза мен салицинді ыдыратады. Желатин мен ұйыған қан сарысуын
сұйылтпайды, күкіртсутек пен индолды түзбейді.