Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет259/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Клиникалық белгілері.
Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 22
күнге дейін созылады. Клиникалық белгілерінің байқалу дәрежесі мен
даму процесінің жылдамдығына қарай ауру өте жіті, жіті, жітілеу,
созылмалы және латентті ағымда өтеді. 
Өте жіті ағымында
шошқалардың дене қызуы 40,5-42,5ºС-ге дейін
көтеріледі, демікпе, жөтелу, шөлдеу сияқты белгілер байқалады, 1-2
тәуліктен кейін дене қызуы төмендейді, артқы аяқтары салданып,
аурудың 2-3-ші тәулігінде жануарлар өлімге ұшырайды. 
Жіті ағымда
шошқалардың дене қызуы көтеріледі, мұрыны мен
көзінен серозды-кілегейлі сұйықтықтар бөлінеді, қабақтары ісінеді, қан
аралас іші өтеді, құсады, өкпенің қабынуы байқалады, жөтеледі. Құлақ,
тұмсық, көкірек және қарын аумақтары көгеріп, кейіннен сол жерлеріне
қан құйылады. Өлуіне 1-2 күн қалған кейбір жануарларда паралич,
кератит, менингоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш
тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліммен аяқталады. Үй
шошқаларының өлімге ұшырауы 100%-ға жетеді. 
Жітілеу ағымы
15-45 күнге созылады. Ауру белгілері жіті
ағымдағыдай болып, жануарлардың 30-70%-ы өлімге ұшырайды.
Осыдан тірі қалған шошқаларда ауру созылмалы түрге ауысады.
Аурудың созылмалы ағымы
бірнеше айға созылады. Шошқалар
біртіндеп арықтайды, бойлары өспейді, перикардит, бронхопневмония,
артрит байқалады. Аяқтарының, басының, арқасының терілері некрозға
ұшырайды. Некрозға ұшыраған құлақтары түсіп қалады. Жақтың тері
асты клетчаткалары мен лимфа бездері ісінген болады. Қатты жүдеген
жануарлар өліп қалады, ал тірі қалғандары вирус тасымалдаушыларға
айналады. 
Латентті ағымдағы
шошқаларда аурудың клиникалық белгілері
байқалмай, вирус тасымалдаушы, яғни шошқалардың африкандық оба
қоздырғышын сыртқы ортаға таратушыларға айналып, сау жануарларды
ауруға шалдықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет