Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет266/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
 
1 Шошқалардың классикалық обасы
қоздырғышының қысқаша сипаттамасы. 2 Шошқалардың классикалық
оба вирусының қоршаған орта әсеріне төзімділігі. 3 Инфекция көзі, жұғу
жолдары және аурудың таралуы. 4 Шошқалардың классикалық
обасының клиникалық балауы. 5 Патологоанатомиялық және
дифференциалдық балауы. 6 Шошқа классикалық обасына нақты
диагноз қою қандай көрсеткіштерге байланысты іске асырылады?
7 Шошқалардың классикалық обасының зертханалық балауында
қолданылатын әдістер.
ҚҰС ТҰМАУЫ
Құс тұмауы (
Grippus /influenzae/ galli
) – жіті түрде өтетін,
респираторлы мүшелері, асқазан ішек жолдары мен орталық жүйке
жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын, құстардың өлімге
ұшырауымен аяқталатын өте қауіпті және аса жұғымтал індет. 
194


Ауру қоздырғышы РНҚ-лы бар вирустар тобына,
Ortomyxoviridae
тұқымдастығына,
Influenzavirus
туысына жатады. Вирус құрамында 10
құрылымды белоктар бар, ортасында 8 фрагменттен тұратын бір
жіпшелі РНК орналасқан, сфера пішінді, көлемі 80-120 нм болады (85-
сурет).
Құс тұмауының аса патогенді штамдарының барлықтары А
типіне, H5 және H7 тип тармақтарына жататындығы анықталған. 
Гемагглютинин жағынан 16
түрлі және нераминидаза
ферменті бойынша 9 түрлі
серологиялық
варианттары
белгілі. Үй құстарына қауіпті
болып H7N7 және H5N1
штамдары саналады. Аталмыш
вирус штамдарымен зақымдалған
құстар жаппай қырылып қалады.
Құс
тұмауы
вирусының
рекомбинациялануына
қарай
қоздырғыштың құрылымы ғана өзгеріске ұшырап қоймай, олардың
биологиялық қасиеттері (РНҚ-ның кейбір учаскелері) де өзгеріске
ұшырап отырады. Осыған байланысты организмде түзілген антиденелер
екінші рет енген вирусқа қарсы тұра алмайды. Осындай құс тұмауы
вирусының мутанттары адамдар үшін өте қауіпті болып келеді.
Құстар тұмау вирусының резервуары болып есептеледі. Себебі
құстардың организмінде вирустар рекомбинацияланып, патогенділік
қасиеттері өзгеріске ұшыраған әр түрлі варианттары пайда болып,
құстардың көптеген түрлерінде, сүт қоректілер мен адамдар арасында әр
түрлі клиникалық белгілерімен сипатталатын, түрлі атаулармен
аталатын ауруларды қоздырады. Кейінгі кезде ол аурулардың
барлықтарын бір қоздырғыштың, яғни құс тұмауы вирусының
тудыратындығы дәлелденіп отыр. Оларды бір-бірінен ажырату
қоздырғыштың қасиеттерін анықтауға, биосынамалар мен иммунитетін
тексеру нәтижелеріне негізделеді. 
Тұмау вирусының негізгі компоненттері: вируленттік қасиеттеріне
жауапты, А типіне тән, комплементті байланыстыру реакциясымен
анықталатын – S-антигені (РНҚ+полипептид); қоздырғыштың
серологиялық вариантын анықтайтын, вирустың иммуногендік және
антигендік белсенділіктеріне жауапты, ГАТР, ЖГАР және БР арқылы
анықталатын – V-антигені (гемагглютинин); вирустың нейраминидаза
серотипін бейнелейтін, көбеюі кезінде жасушадан шығуы мен
вируленттілік қасиетіне жауапты, нейраминидаза белсенділігін тежеу
реакциясымен анықталатын (НБТР) – нейраминидаза ферменті болады. 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
Биотехнология ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының жүргізген
зерттеулерінің нәтижесінде құс тұмауы вирусының А типінің H5N1
штамы антигенінің құрамында иммунды ферменттік талдау мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет