Диплоиты жасуша өсінділері
–
in vitro
жағдайында 50-60 пассажға
дейін тіршілік ете алатын, морфологиялық жағынан біртекті болып
келген жасушалар популяциясы. Мұндай жасушалар өсу кезінде
өздерінің кейбір қасиеттерін өзгертпейді. Диплоиды жасуша өсінділері
алғашқы жасуша өсінділерінен алынады. Олардың кариотипі тұрақсыз,
сондықтан жасушалардың диплоидтық қасиеттерін
ұзақ уақыт сақтау
үшін сапасы жақсы фетальды қан сарысулары қосылған қоректік
орталарда өсіреді.
Диплоидты жасушалар адамдар мен жануарлар эмбриондарының
түрлі ұлпаларынан алынады. Диплоидты жасушалардың басқа
жасушалардан (алғашқы және тұрақты) артықшылығы: олар
ауыстырылмаған қоректік ортада 10-12 тәулік бойы тіршілігін сақтайды;
аптасына бір рет ауыстырылатын қоректік
орталарда бір айға дейін
тіршілігін жоймайды; бұл жасушаларда вирустарды ұзақ уақыт бойы
өсіруге болады.
Тұрақты жасуша өсіндісі
– организмнен тыс жағдайда ұзақ уақыт
бойы өсіп, көбейе беретін қасиеті бар, бір түрден алынған
жасушалардың тобы. Мұндай жасушаларды өсу белсенділігі жоғары
алғашқы жасуша өсінділерін, белгілі бір режимде, бірнеше рет қайтара
себінді жасау арқылы бөліп алады. Тұрақты жасуша өсінділерінің пішіні
біркелкі, гетероплоидты хромосомалар жиынтығынан тұрады,
in vitro
жағдайында бір қалыпты өседі, олардың
кейбіреулерінің онкогендік
қасиеттері болады. Соңғы қасиеттерінің болуына байланысты, оларды
вакцина өндірісіне қажетті вирустарды өсіруге пайдаланбайды.
Тұрақты жасуша өсінділерін жануарлардың сау және ісік
ұлпаларынан алуға болады. Тәжірибеде жиі қолданылатын тұрақты
жасуша өсінділеріне Hela (әйел жатыр мойынының ісік жасушалары),
Hep-2 (адам көмейінің карциомасының жасушасы), KB (ауыз қуысының
қатерлі ісік жасушасы), BHK-21 (жаңа туылған қалта ауыз бүйрегінің
жасушасы), TR (сиырдың трахеясының жасушасы), L (тышқан
фибробласттары), шошқа эмбрионы бүйрегі, бұзау бүйрегі, қой бүйрегі
және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: