Жауапкершілікті тереңнен сезініңіз Халық алдында сөз сөйлеу – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұсынып отырған
материалды майда-шүйдесіне дейін зерттеңіз, өйткені тығыз дисктер, DVD, мақала,
айтылған сөздеріңіз, бұл оқиғадан кейін де, әрекеттерін жалғастыра береді. Шындық пен
білімді ұсыну үшін уақыттың сынына төтеп беретін фактілерге сүйену керек. Оратордың
уысынан қандай да болмасын бір сөз шығарда, оның шынайы екеніне жауапты болу керек.
Бастап келе жатқан және кәсіби ораторлардың арасындағы айырмашылық, тақырыптағы
нақтылық және ерекшелік болып табылады. Бірнеше ораторлар сөйлеген
кезде әріптесіңіздің уақытын алып қоймағандығыңызға сенімді болыңыз. Егер
сіз көпшілік алдындағы сөз сөйлейтін оратор болсаңыз, онда сәтсіздікке ұшырағанда,
қатты мұңаймаңыз. Тіпті, кәсіби ораторлар да, сәтсіздікке ұшырап жатады. Жаман
тыңдаушылар болмайды, дұрыс емес ақпараттанған немесе дайындықсыз шығатын
ораторлар болады. Сіздің жауапкершілігіңіз сізден ең жақсыны талап етеді. Осылай істеу
арқылы сіз әр шыққан сайын күшіңізді шыңдайсыз! Қағидаттар:
Өзіңіздің материалыңыз үшін дайын зерттеулер жүргізіңіз
Өзгелерден ұрламаңыз
Сөз сөйлеу уақытына қатысты шынайы болыңыз
Өзіңізді тиынға сатпаңыз
Барлығы сіздің ғана бақылауыңызда болуы керек
Сәтсіздіктер сізді тоқтатпауы керек