БИОЛОГИЯ • АДАМ ДЕНЕСІ • ӨКПЕ • Өкпенің қызметі қандай?
Өкпенің негізгі қызметі ауа мен қан арасында
газ алмасу мүмкіндігінше тиімді болатындай
алмасу бетін қамтамасыз ету. Оттегі қанға
таралу керек болса, ал көмірқышқыл газы қаннан
сыртқа шығарылу қажет. Өкпе бетінің ауданы
үлкен және қанмен өте тығыз байланысқан, бұл
оттегінің тез таралуына мүмкіндік береді.
• Ұсынылатын фильмдер – Өкпе – Деректер: Өкпе 2-бөлім: Өкпе ДИАГРАММА 02: • Өкпе өз қызметіне қалай бейімделген?
Өкпедегі альвеолалар Өкпе алвеола деп аталатын миллиондаған өте ұсақ ауа көпіршіктерінен
тұрады. Жалпы алғанда, олар газ алмасу үшін 70 м
2
беткі ауданды
құрайды. Бұл альвеолалар қан қыл тамырларымен тығыз байланыста
болғандықтан, оттегі мен көмірқышқыл газының диффузиясы тиімді
болады.
Ауа кеңірдек (трахея) арқылы альвеолаға жетеді. Кеңірдек екі бронхыға
бөлінеді, олар ары қарай көптеген бронхиолаларға жіктеледі. Сол
бронхиолалар альвеолармен аяқталады.
Қосымша сұрақ С2. Неліктен біз үздіксіз тыныс аламыз
және тыныс шығарамыз?
Үздіксіз тыныс алу және тыныс шығару
арқылы өкпедегі ауа жаңарып тұрады да,
оттегінің концентрациясы жоғары деңгейде
болады, ал альвеоладағы көмірқышқыл
газының концентрациясы төмен деңгейде
болады. Диффузия градиенттері
сақталатындықтан, газдар үздіксіз қанға тез
таралып, тез шығып отырады.