Саяхат сабағы – белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап,
көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ. Саяхат сабағы
«Ертегілер еліне», «Математика патшалығына» болып кете береді.
Инновациялық сабақтардың оқушылардың танымдық қызығушылығы мен
іскерлік, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруда маңызы ерекше.
Оқушылардың оқу және оқудан тыс танымдық іс-әрекеттерін үйлестіру. Педагогикалық әрекет бірнеше әрекеттер жүйесін құрайды. Оның ең
бастысы – оқытуды тікелей ұйымдастырушы оқытушы әрекеті. Оқу – бұл
оқушы мен оқытушының белсенді түрде өзара әрекеттесуі. Нәтижесінде
оқушының бойында өзінің белсенділігіне сәйкес белгілі бір білім мен іскерлік
қалыптасады. Педагог оқушының белсенділігін тудыратын жағдай жасап, оны
бағыттайды, бақылайды, оған қажетті құралдармен, ақпарат көздерімен
қамтамасыз етеді.
Оқу процесін басқару – бұл оқытудың берілген мақсатына қол жеткізу
үшін педагогтың оқушылар ұжымына немесе жеке оқушыға мақсатты, жүйелі
түрде ықпал етуі. Басқарудағы педагогтың міндеті – басқарылатын процестің
күйін өзгертіп отыру, оны белгіленген деңгейге дейін жеткізу, дамыту.