Сурет-111. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті
Танымдық іс-әрекет
Мазмұндық-
амалдық
Процессуалдық-
жігерлік
Өзін-өзі тану
Өзіне-өзі сену,
дамыту
Өзінің танымдық
қабілетін дамытуға
ұмтылу
Қызығуын
қанағаттандыруға
ұмтылу
Тіректік білім
Жалпы
дидактикалық және
арнайы
дидактикалық
дағдылар
Білімін жетілдіру
дағдысы
Танымдық іс-әрекет
үрдісінде кездесетін
қиындықтарды
жеңуге дайындық
Өз бетінше жұмыс
істей алу дәрежесі
Танымдық
белсенділікке
ұмтылыс
Мотивациялық-
тұлғалық
292
Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады:
мотивациялық-тұлғалық қызығуды тудырады, оқу-танымдық белсенділікті
оятады. Мазмұндық-амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге
асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік оның аяқталуын қамтамасыз
етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық белсенділіктің белгілі бір
кезеңін жүзеге асырады.
Егер оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып,
қызығудан қажеттілікке ауысатын болса; оқушылар негізгі интеллектуалды іс-
әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыра алатын болса; оқушының
өзіндік танымдық іс-әрекетін басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке
ауысса; оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті шығармашылық, зерттеушілік
сипатқа ие болса, онда олардың танымдық белсенділігі қалыптасты деп
саналады.
Мотивациялық-тұлғалық бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуның
төменгідей деңгейлеріне ие.
1)
Танымға ұмтылу, негізінен, жаңа білім игеруге бағытталады. Игерілген
негізгі білім жүйесі тек алған білімді қайта еске түсірумен шектеледі.
2)
Танымға ұмтылыс білімін толықтыру тәсілдерін игеруге және ол
білімнің көзін табуға бағытталады. Негізгі білім жүйесі оны берілген алгоритм
бойынша шығарылатын есептерді шешу деңгейінде игерілген.
3)
Танымға ұмтылыс білім игеруге, оны толтыру тәсілдерін табуға және
осы тәсілдерді жетілдіруге бағытталады. Негізгі білім жүйесі алған білімін еске
түсірумен қатар оны шығармашылық түрде қолдана білетіндей деңгейде
игеріледі.
Мазмұндық-амалдық бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының
төмендегідей деңгейлерімен сипатталады:
1)
Дағды онша маңызды емес мәліметтерді қабылдау және оны қайталау
деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекеттің мақсаты игерілетін
тақырыптың мазмұнына сай келмейді, олар тапсырмалар мен есептерде
нақтыланбайды. Сондықтан жоспарлау қойылған мақсатқа сәйкес келмейді.
2)
Дағды хабардың жалпы мазмұнының негізгі идеясы анықталмай тұрып,
қабылдау мен еске түсіру деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық
белсенділіктің мақсаты тақырыпқа сай келмегенімен, қойылған тапсырмаларға
сәйкес нақтыланбайды. Жоспарлау жұмыстың барлық кезеңін толық
қамтымайды.
3)
Дағды хабардың негізгі мазмұны мен мақсатын танып, қабылдау
деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекеттің мақсаты анықталады және
есептерді шешуде нақты айқындалады. Осыларды есепке ала отырып,
жұмыстың нақты жоспары жасалады.
Процессуалды-жігерлі бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының
келесі деңгейлерінен тұрады:
1)
Танымдық қиындықтарды жеңу дайындығы төмен. Оқушылардың ерік-
жігері әлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды, жұмысты аяғына дейін
293
аяқтамайды, оқу-танымдық іс-әрекетте өз бетінше белсенділік, жүйелік
танытпайды, т.б.
2)
Таным кезіндегі қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-
әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар сабақ кезінде ынталанып,
жұмысты аяғына дейін атқаруға тырысады. Бірақ үлкен қиындықтарды жеңуге
табансыздық танытады.
3)
Танымдық қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-
әрекеттің барлық түрінде байқалады. Оқушылар кез келген тапсырманы аяғына
дейін орындап шығады. Жыл бойы жүйелі түрде жұмыс істейді.
Танымыдық қызығушылық психологиялық құрылымы: эмоционалдық,
интеллектуалдық және еріктік процестердің бірігуінен тұрады:
1)
іс-әрекетке қатынасты жағымды эмоция (эмоционалдық компонент);
2)
осы эмоциялардың танымдық жағының болуы, яғни танып-білу
қуанышы (интеллектуалдық компонент);
3)
нақты бір іс-әркеттен туындайтын мотивтердің болуы (еріктік
компонент).
Бұл процестердің ешқайсысы өздігінен жеке қызығушылық тудыра
аламайды. Эмоционалдық факторлардың болуы қызығушылық затын тартымды
етеді, ал қызығушылыққа ителлектуалдық бағыт береді. Осылайша
қызығушылық жеке бастың болмыстық танымдық көзқарасын анықтайды.
Танымдық қызығушылық педагогиканың категориясы ретінде баланы
білім беру процесінің субъектісіне айналдырады, оның жағымды аясын
құруына түрткі болады, оқу-тәрбие процесіндегі тәрбиешінің алдына қойған
мақсатын түсінуге және оны қабылдауға көмектеседі. Қызығушылықтың пайда
болуының басты шарты өзін-өзі және қоршаған дүниені танып білудегі,
әрекетке тұлға ретінде қатысқандағы пайда болатын белсенділігі болып
табылады. Оның негізінде қоғамдық-тарихи және адам өмірінің жеке
жағдайларында анықталатын тұлғаның білімге қажеттігі, тұрақтылығын көп
жағдайда оқыту сапасы, оқу процесіне шығармашылық қатынастың басты
шарттарының бірі болып табылады.
Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды.
Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса,
шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.
Бұл мәселені зерттеген ғалымдар шығармашылық әрекет деп білімді жаңа
жағдайға тасымалдамай білу (И.Я.Лернер, Я.А.Пономарев), мәселені шешудегі
көрегендік, қырағылық (А.Н.Лук), жаңалық тудыратын әрекет (Л.С.Выготский)
деп тануды ұсынады.
Шығармашылық – өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің
түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылыққа деген қажеттілік –
күрделі рухани қажеттілік. Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың,
дамудың көзі; табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында,
іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері
үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі
294
шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды
басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз
қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша
отырып, оның "әрекет" ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.
Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет
шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал
шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.
Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі
қарай дамиды.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады.
Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы,
дәлдігі алынады.
Шығармашылық әрекеттер арқылы бір жағынан адамның іскерлігі мен
қабілеттері жетілсе, екінші жағынан материалдық рухани байлықтар жасалып,
адамзат мәдениетіне үлес қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |