Ақыл-ой тәрбиесі
– дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен
орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білім, дағдылар, тіршілік
ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш қуатын
арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін
игеру.
Арнайы педагогика
– көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында
табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін
педагогиканың саласы.
Базистік оқу жоспары
– алдағы 10-15 жылда берілетін білім мазмұнын
көрсететін және әртүрлі оқу жоспарларын құрастыруға негіз болатын жаңа
нормативтік құжат.
Бақылау
– бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың
танымдық іс-әрекетін меңгертудің функциясы.
Білік
–
адамның белгілі бір
құбылыс, күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп,
өзінше пайымдай білу қасиеті.
Достарыңызбен бөлісу: |