болу керек, өзі қара зіл екен. Ентіккен қалпым қолымдағы олжамды дереу
қорадағы маяның ішіне тыға салдым.
Ербол бақырып жібергенде қалған достарымыз да зыта жөнеліпті. Абырой
болғанда, аяқ астынан шыққан ащы дауыстан шал есеңгіреп, жан-жағынан тас
па, таяқ па әйтеуір бірдеңе іздеп қарманып жатқанда Ербол да қашып үлгеріпті.
Міне, төртеуміз келіскен жерде кездесіп отырмыз. Үшеуінің бастары салбырап
кеткен. Араларында еңсесін биік ұстап отырған мен ғана. Өйткені, мен
олжалымын. Қазір мыналар басқа бір айла тапқаннан кейін менің «тәтті
қауынымды» қорада отырып алып жемекшіміз. Достарым ертең міндетті түрде
Асан атаның піскен қауындарын ұрлап алатын болып келісті.
Енді, міне төртеуміз біздің қорада отырмыз. Ақтөс біз екенімізді білгеннен кейін
шәу етті де, қоя қойды. Бағана ас үйден дәу қара пышақты білдіртпей ала
кеткенмін. Шөптің арасынан зілдей дәу «қара қауынды» алып шығып кесейін
десем дәу қара пышағымның тісі батпады. Міне, керемет! Әрі тығам, бері
тығам, пышақ өтпейді. Бір кезде Ербол:
— Тфу! Мынауың асқабақ қой! — деп айқайлап жібергенде басым зың ете
қалды. Сол минуттан бастап дүниедегі асқабақ атаулыны әбден жек
көріп
кеттім. Атып тұрып дәу асқабақты жерге алып ұрып, ортасынан қақ бөлдім. Енді
көрмегенім асқабақ болсын!
Осыншама бар жан-тәніңмен дайындалып келіп, тәтті қауын деп жей
бергеніңде ол көк
асқабақ болып шықса, сен де ашуланбай көр.
Адина жүсіп
Достарыңызбен бөлісу: