2 сұрақ.
Мәдениеттану пәнінің негізгі ұғымына әрине мәдениет ұғымы жатады.
Мәдениет араб тілінен маданият,мадина қала деген ұғымды білдіреді, бұл
орта ғасырларда ислам ренесансы кезіңде қалыптасқан ұғым.
Шетелде культура деген термин қолданылады. Культура дегеніміз натурға
яғни табиғатқа қарсы қойылған ұғым. Бұл әрине ұғымның синтактикалық
мәнісін білдіре бермейді қысқаша айтқанда мәдениетке мынандай
анықтамалар беріп кетуге болады.
Біріншіден белгілі ХХ ғасырдың ойшылы З. Фрейдтің анықтамасы бойынша
тотем және табу деген еңбегінде мәдениет бұл адамның табиғатпен және
басқа адамдармен қарым қатынасын ретке келтіретің норма, талап, тілек
болып табылады. Басқа бір анықтамаларда мәдениет негізінен құндылықтар
жүйесі деп анықталады яғни адамға не нәрсе пайдалы, игі, құнды болса
соның бәрі мәдениетке жатады. Еңді шың мәнісінен алғанда мәдениет әрине
бұл адаммен тікелей байланысты бұл адамнын болмыста өмір сүру тәсілі.
Егер мысалы басқа тірі жануарлар табиғатта бұл гинеттикалық ақпаратын
жүзеге асыру арқылы өмір сүретің болса адам мәдени ақпарат арқылы,
мәдени талаптар арқылы қоғамда өмір сүреді. Әрине мәдениеттің
анықтамалары өте көп мәдениеттілік ұғымыменде тығыз байланысты.
Сонымен, мәдениет ұғымы бір жақты да емес, бір сатылы да емес
болып табылады. Мәдениет түсінігі аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа,
ұлтқа, мемлекетке және Әлемге қатысты мәдени ұстанымдар жүйесі енеді.
Айтып кететін бір нәрсе, мәдениетті анықтаудағы үш көзқарасты қолдана
отырып, зерттеуші соған тән барлық үдерістерді толық қарастыра алады:
тарихи (уақыттылық) – қандай да бір мәдени құбылыстардың өмір сүруінің
уақыты және орны; формальды-функциональды (уақыттан тыс) –
мәдениеттің қызметі мен құбылыстарын талдау, олардың уақыттан тыс,
қайталанатын және кері түріндегі үдерістерін, интеграция мен
дезинтеграцияны
түсіну;
формальды-уақыттылық
үдеріс,
әдетте,
мәдениеттің өсуі немесе дамуы деп атайды – бұл мәдени жүйенің әр
уақытта өзгеруі, бір форма алдыңғы формадан шығуы және келесі бір
формаға
айналуы.
Бұл
үдерістің
шеңберінде
өзгерістер
жеке
құбылыстармен емес, мәдени құбылыстардың сыныптарымен болады.
Мәдениет ұғымына адамзаттық қоғамның өндірістік, қоғамдық және
рухани өмірдегі жетістіктер, ережелер мен тәртіптер жиынтығы, тәрбие
мен білімділіктің белгілері тағы с.с. түсініктер кіреді. Ауылдар, аймақтар,
этникалық топтар, халықтар, діни ұстанымдар – бұлардың барлығы мәдени
әртүрліліктің деңгейлерін көрсететін өзіндік ерекшелігі бар белгілі бір
мәдениетке ие. Мәдениет туралы ХХ ғасыр гуманисі Альберт Швейцер
былай дейді: «Мәдениет дегеніміз адам баласының және бүкіл адамзаттың
алға қарыштауының жиынтығы, ал бұл қарыштау индивидтің рухани
жетілуіне ықпал тигізуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, бұл қарыштау
мәдениетке апармайды. Яғни, бұл алға қарыштау адам баласының рухани
жетілуінің белгісі болып табылады және солай болуға тиіс. Алға қарыштау
дегеніміз тек ғылыми техникалық прогресс емес, керісінше, рухани
дүниенің, қазынаның, құндылықтың, болмыстың өркендеуі болуы тиіс.
Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады:
адам қызметінің түрлері мен нысандары, соның нәтижесінде пайда болатын
өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет
табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде
болады. Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді,
өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз
орын алмайды. Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің
мазмұны адамды «жасау», тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады, яғни
адамның биологиялық жағынан тұлға болуы (әлеуметтік адам).
Бұл үдерісте адамның өзін дамытуы үшін жасалған қызмет жүйелері
мәдениетке жатады. Сонымен біз мәдениетті адамның табиғатты
түрлендіруінің саналы қызметі, материалдық және рухани салаларда іске
асырылған осы қызметтің нәтижесі ретінде түсінеміз.
Мәдениеттің қоғам өміріне белгілі бір дәйектілік пен позитивті дамуы
бойынша
әсеріне
қатысты
«мәдениет»
ұғымы
гуманитарлық
ғылымдардағы ең басты ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл ұғым
қазіргі мағынада XVIII ғасырда Еуропада Дж. Вико, И.Г. Гердер, Ш.
Монтескье сынды ойшылдардың еңбектері арқасында пайданалына
басталды. Бұл кезеңде географиялық экспансия толқындары адамдардың
өз мәдени құндылықтарын, стереотиптерін, өмір сүру тәсілдерін өзге
мемлекеттерге тән мәдениет құндылықтарымен салыстырудан мүдделер
шиеленісуіне әкелді және мәдени көптүрлілік құқығы туралы
пікірталастардың тууына ықпал етті.
XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін «мәдениет» ұғымы біртіндеп
ғылыми категория мәртебесіне ие бола бастады. Сөйтіп, ағартушылық
кезеңіндегі мәдениеттің қоғам дамуындағы «жоғары» деңгейі деген
мағынасы өз құндылығын жоя бастады. «Мәдениет» біртіндеп өркениет,
қоғамдық-экономикалық
формация,
жаһанды
аймақтандыру
категорияларымен тоғыса бастады.
Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Әрбір мәдениет этносқа,
халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы мәселе
бойынша әртүрлі көзқарастар бар. Ежелгі заманда мәдениеттің этноұлттық
сипаты бойынша екі қарама-қарсы тенденция пайда болды: этноцентризм
және космополитизм. Біріншісіне сәйкес қандай да бір этнос өзінің
мәдениетін үлгі мен эталонның кейбір үлгісі ретінде қарастырады, оны
басқадан жоғары қояды, басқа мәдениеттерді сенімсіздікпен немесе
өшпенділікпен, кейде ксенофобия, не басқадан қорғау түрінде қабылдайды.
Екінші тенденция - өзінің этносы мен елінің шеңберінен шығып, әлем
азаматы болу. Бұл жағынан космополитизм патриотизмге қарама-қарсы
болады.
Мәдени релятивизм және әмбебаптылықты бағалай отырып, оның
көптеген ережелері толық негізді және дәлелді болады деп санауға болады,
алайда оның бірде-біреуі толық шындыққа үміттене алмайды. Сондықтан
олардың қарама-қарсы тұруы емес, бірін-бірі толықтыруы жемісті болар еді.
Қазір ғаламшарымызда тұратын халықтардың ұлттық мәдениеттерінің ең
үздік жетістіктерінің синтезі ретінде «Әлемдік мәдениет» ұғымы
қалыптасуда. Ұлттық мәдениет өз кезегінде сәйкес қоғамның әртүрлі
әлеуметтік топтары мәдениетінің синтезі болады. Ұлттық мәдениеттің
өзінділігі, оның белгілі қайталанбас ерекшелігі және сонылығы өмір мен
қызметтің рухани (тіл, әдебиет, музыка, кескіндеме, дін) және материалдық
(экономикалық құрылыс, шаруашылық жүргізу, тұрмыс, еңбек және өндіріс
салтының ерекшеліктері) салаларында байқалады.
Мәдениеттің нақты таратушысына сәйкес әртүрлі субмәдениеттер
бөлініп көрсетіледі. Субмәдениеттерге дифференциация қоғамда әртүрлі
таптардың, топтардың болуына байланысты болады. Осы фактордың рөлі
қазір азайған, бірақ қалған. Қоғамның кедей, маргинал топтарының
мәдениеті өте төмен болады, ол білімнен жеке бас гигиенасына дейінгі бар
салада байқалады. Жоғары топтағы адамдардың қоғам элитасының мәдениеті
жалпы жоғарғы деңгеймен, кейбір сыртқы түрлерімен ерекшеленеді: қатаң
этикет, таңдамалы мәнерлер, ерекше кішіпейілділік, ежелгі (аристократтық)
дәстүрлерді сақтау.
Орташа топтар мен таптар қазір «бұқаралық мәдениет» деп аталатын ең
көп тараған, басым мәдениетті тарататындар болып саналады. Олардың
жалпы деңгейі жоғары емес, орташа болып табылады. Сонымен қатар бұл
топқа барлық мәдениеттің жаңаруының негізгі көзі болып табылатын, зерде
мен шығармашылық потенциалдың жоғарғы деңгейін таратушы ғылыми
және шығармашылық зиялы қауымның негізгі бөлігі жатады. Ауыл мен қала
мәдениетінің арасында едәуір айырмашылық бар. Сонымен қатар кәсіптік
мәдениеттің ерекшеліктері туралы да айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |