ЁКІНШІ БОЛМА
алар жаңа белесім пайда болғаннан кейін бе, маған серпін
берген, мені оятқан, сол күйзелістен шығарған бір күштің
құдыретін сезіндім. Ол тылсым күш, бэлкім энергия болар,
немесе жаңа белесті бағындыруға деген талпынысым бо
лар, мені осы кризестен алып шықты.
Өткен екі жылды ой елегінен өткізсем, ешкімнің қолдау
көмегінсіз, қомақты қаражатсыз жаңа кәсіп бастап, мақ-
сатқа жетуіміздің бірден-бір себебі - арманымыздың бізді
алға жетелегені. Ал осы арманның күші, қиялдың күші 20
миллиардқа да жетелеп алып келеді деген сенімім, үмітім
бар. Сол күннен бастап кітап жазуды қолға алсам ба деген
ой келді, ол да менің бір арманым болатын. Себебі, өзім
үшін үлкен бір мақсатқа қол жеткізгенімді сездім. Қызмет-
келеріміздің саны алты жүзден асты, тоғызыншы мейрам-
ханамызды аштық, елдің аузында жүрдік. Атақ десең атақ,
Қүдайға шүкір, ақшса десең ақшаға қол жеткіздік, белгілі
бір нәтиже көрсеттік. Сол күндері казак жастарына, қазак
ауылдарынан шыққан өзім сияқты балаларға жол сілтейтін,
бэлкім, үлгі бола алатын, мойныма жүктелген жауапкер-
шіліктің барын сездім. Өйткені, казірг і заманда адамдар-
дың барлығы арзан ойын-күлкімкен, жеңіл жолмен ақша
тапқысы келеді. Көзге көрінген соң айтып жатқаным, елдің
барлығы тендермен айналысады, оған қызығады. Сетевой
бизнесте де қазақ жастары өте көп. Берері жоқ тренигтерде
де өз азаматтарымыз жүреді. Сол кезде менің түсінгенім,
бауырларымыздың жетістікке талпынысы бар, ұмтылысы
бар, алайда нәтиже жоқ.
Елдің алдына шығып сөз сөйлеп жүргеннен кейін, көп
адамдар ақыл-кеңес сұрап келеді, соларға да бір жауап
ретінде, пайдалы болсын деген оймен, адал ниетпен, осы
кітапты жаздым. Кейбір адамдар «өмірдегі бағдарымды
9
жоғалтып алдым», «арманымды білмеймін» деп, ал кей-
біреулері еліміздің ең мықты, беделді жоғары оқу орында-
рын бітіріп, «мақсатымды білмеймін» дегенде, осы кітап
қалай да жарық көруі керек деген ой келді. Бұл кітап - жал-
пы қазақ жастарына жол сілтейтін, замандастарыма, еліме
пайдасын тигізетін туынды болса деймін. Ал, кәсіппен
айналысамын дегендерге элі бизнестің қыр-сыры туралы
кітап жазбақпын, бұл - болашақтың еншісінде. Сондықтан
да менің алғашқы туындым осылай басталды. Негізі, 2008
жылы Стамбулда жүргенде-ақ кітап жазамын деп арман-
дайтынмын. Оны өзім туған Жамбыл облысы Аса ауылын-
да жалғастырып, кейін Амстердамда немесе Лондонда
нүктесін қою ойда болатын.
Бэлкім, бұл сол аңсаған арманымның сәл де болса да жү-
зеге аса бастағаны болар, қазір Словенияның Рогашка қа-
ласында қолға қалам алып, кітабымның алғашқы бөлімін
бастап отырмын.
«Ашылмаған қанаттың үлкендігін білмейді» дейді ғой.
Біздің тәрбиелеу әдістерімізде қалыптасқан жағдайлар бар:
«анда барма», «мынаны істеме», «қонақтар кетсін, содан
соң жейсің», информатика пэнінде «шұқи берме, ертең
компьютер бұзылады» дегендей көп шектеумен өстік. Сон-
дықтан да, «мен ешкім емеспін» деген ішкі сезімдер қа-
лыптасады. Сол сезімдер біріге келе «мен эншейін жүрген
біреумін, жасаса, жұрттың балалары жасайтын шығар, бұл
менің «темам» емес» деген сезім келеді.
Талай тренингтерге қатыстым, барлығының айтары бір
- «басқадан кем болма», «одан күштірек бол» жэне тағы-
сын тағы. Ал бір күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнан-
баевтың «Мықты болсаң, өзіңді жең» деген сөздері есіме
түсті. Расында да, біз жэне идеалды біз бармыз. Біз сол
ю
|