қоймайсың, оның сапасын да өсіресің. Ал өзгелерге хабар-
ласу, күнделікті шаруаның бөлігіне айналады.
Көп адаммен байланыста болудың артықшылығын әле-
уметтану ғылымы да дәлелдеген. Роберд Уолдингердің
жиырма миллион рет қаралған “Жақсы өмір сүру үшін не
керек?” (What makes a good life? Lessons from the longest
study on happiness) деген дәрісі бар. (https://www.ted.com/
talks/robert_w aldinger_w hat_m akes_a_good_life_lessons_
from_the_longest_study_on_happiness/up-next) Сонда әлеу-
меттанушы ғажайып қорытындыға келеді. Бірақ алдымен
ол әңгімелейтін зерттеудің өзі туралы.
Америка галымдары 75 жыл бойы 724 адамның өмірін
бақылаған екен. Бала күндерінен жыл сайын олардың жұ-
мысы, денсаулығы, тұрмысы, отбасы, т.б. жайында ақпар
тіркеп отырады. Кедейлеу жэне ауқаттырақ аудандардан
шыққан 724 адамның ішінде бірнеше президент, Нобель
сыйлығының иегері, бизнесмен, Голливуд жұлдызы жэне
басқа да түрлі адамдар бар екен. Бүл адамзат тарихын-
дағы ең үлкен жэне ұзақ әлеуметтік зерттеу десе де орын-
ды. Сонда олардың келген қорытындысы, адамды бақыт-
ты қылатын ақша емес екен. Атақ та емес екен. Билік те
емес екен. Адамды бақытты қылатын, оның адамдармен
қарым-қатынас сапасы. Әлеуметтік өмірі негұрлым оңды
болса, сол адамның денсаулығы мықты келеді жэне ұзақ
жасайды екен. Ал жалғыздықтан жапа шегетін адамдар
ауруға да бейім келіп, дүниеден ертерек өтеді екен. Ал,
осыдан кейін коммуникацияның қажеттілігін қалай жоққа
шығарасың?
Достарыңызбен бөлісу: