Қосымша бөлмелер
: әкімшілік, алғашқы медициналық жәрдем көрсету бөлмесі, әдістемелік
бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындары.
Мектеп ғимаратындағы сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен
байланысады. Бастауыш сыныптар бөлмелері мектептің жеке қанатында 1-ші, 2-ші қабатта орналасқаны
жөн.
Сынып бөлмелерінің
ауданы 50-60 м
2
, яғни әр оқушыға 1,25-1,50
м
2
. Бөлме ұзындығы 8-8,2 м,
ені 5,6-6,2 м аспау керек, Егер бөлме ұзын болса артқы партадағы балаларға естілмейді, ені кең болса,
терезеден түскен табиғи жарық жеткіліксіз болады.
Сынып қабырғаларын жылына 1 рет ақ ізбеспен немесе эмульсиямен ақтау қажет. Бөлме ауасының
температурасы 17-21
0
С, ылғалдылығы 40-65%, ауа жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек.
Терезе кең болу керек және терезе алдына ұзын сабақты үй өсімдігін қоюға болмайды. Терезенің
төменгі жақтауы еденнен 60-70 см, жоғары жақтауы төбемен арасы 15-30 см болу керек.
Терезеден далаға көз салғанда әйнектің 1/3 бөлігінен аспан көрініп тұрса, табиғи жарықтың
мөлшері дұрыс болады.
Табиғи жарық 150 люкстен кем болмай, әр партаға электр жарығы 150 люкстен кем түспеу керек,
ал люминисцентті шамның жарығы 300 люкс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |