Байланысты: Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны
Шартты немесе
ішкі тежелу пайда болған шартты рефлекстердің жағдай өзгергенде туады.
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип. Сыртқы және
ішкі ортаның көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін олар
мида талданады.
Талдау арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер
ететін тітіркендіргіштерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми
қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы
талқылау дейді.
Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады.
Динамикалы стереотип деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер
еткен топты тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін айтады.