Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет62/121
Дата23.03.2022
өлшемі0,73 Mb.
#136536
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121
Байланысты:
Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны

Қаңқаның құрылысы.
Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады. 
І. Бас сүйектері 
– ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады. 
Ми сауыты 
– маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай және сына тәрізді сүйектен тұрады. Ми 
сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.
Бет сүйектері 
– жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, мұрын сүйегі, көз 
қуысы сүйектерінен тұрады.
Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек (төменгі жақ сүйегі) болады.
Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 жаста, 
жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен (нәрестеде) 8 
есе, ересектерде 2-2,5 есе артық. 
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын 
қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектерден қосылатын жерінде үлкен болады. Оны 
баланың еңбегі 
деп атайды. Оның саны төртеу. Маңдай еңбегі 1 жаста, қалғандары 2-3 айда бітеді. 
Нәрестенің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Ең алғаш сүт тістері 5-6 айда шыға бастайды. 6 
жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет