78
– өлшеуішті қозғағанда оны санау;
– өлшеу нәтижесін анық айта білу;
Бастапқы кезде балаларға өлшеу әрекетін орындау және
өлшеуішті санау қиын болады. Жұмысты жеңілдету үшін көлем-
дері бірдей балама фишка енгізіледі. Өлшеуішті ауыстырып бала-
лар бір фишкадан қойып, сонан соң фишканы санап, өлшеу кезінде
өлшеуіш неше рет түскенін біледі. Яғни өлшеу объектісінің
мөлшерін сандық көрсеткішпен анықтайды. Бұл тәсіл балаға өл-
шеу мәнін, оның нәтижесін түсінуге көмектеседі. Әсіресе бұл
шартты өлшеуішпен өлшеудің әрбір жолын жаңа түрін үйренгенде
пайдалы, фишка баламаның қолдану қажеттілігі біртіндеп жоға-
лады. Балаларды жаттықтыруда не өлшенеді, немен өлшенеді және
нәтижесі қандай екеніне ерекше көңіл бөлу керек. «Сен не
өлшедің?», «Немен өлшедің?» деген сұрақтарға жауап алуға көңіл
бөлу керек.
Өлшеу нәтижесі мынадай сұрақтармен түсіндіріледі: Өлше-
генде өлшеуіш неше рет қойылды? Столдың ұзындығы қандай?
Ыдысқа қанша стакан жем сыяды? Өлшеуде алынған сан нені
білдіреді?
Өлшеу нәтижесін анықтағанда оны өлшеуіш атымен байла-
ныстырып айтуға үйрету керек (үстел ұзындығы 4 өлшеуішке тең,
банкада 3 стакан су бар).
Балаларға әрбір объектіге біртектес өлшеуіш алынатынын
түсіндіру қажет. Бөлме ұзындығын өлшеуге қандай өлшеуіш алы-
нады? Бұл өлшеуіш – тарелкедегі жемді өлшеуге бола ма? Банка-
дағы суды өлшеу үшін қандай өлшеуіш алу керек? (бірнешеуін
көрсетеді).
Достарыңызбен бөлісу: