9
салыстыру (А.М.Леушина) талдау және жинақтау (В.В.Давыдов)
теңестіру және салыстыру (Н.И.Непомнящая).
Екінші топқа жататын әрекет түрлері нақты, заттық-сезімдік
негізді арқау етеді. Ал, бірінші топ күрделі болғанымен, мазмұн-
ды, баладағы жиын, кеңістік, уақыт ұғымдары нақтыланады.
Бұл бағытта көптеген әдістер қолданылады: сөздік, прак-
тикалық, көрнекілік, ойын. Әдістер мен тәсілдерді таңдауда еске-
рілуге тиіс мақсаты, міндетері, мазмұны, балалардың жеке және
жас шамасы ерекшеліктері, дидактикалық құралдардың болуы,
нақты жағдайлар т.б. Олардың ішіндегі ең бастысы бағдарлама
бойынша оқу-әрекетін жан-жақты ұйымдастыру болып табылады.
П.Я.Гальперин теориясы бойынша практикалық және сырт-
қы материалдармен әрекеттер ауызша сөйлеу арқылы бекітіліп,
тұжырымдалып, ішкі жоспарға айналады, ой әрекеті ретінде
көрініс береді. Ой бірнеше даму этаптарынан өтеді.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні-
нің практикалық әдістеріне тән сипатты ерекшеліктері:
Достарыңызбен бөлісу: