Дәріс №9.
Модуль 3.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-
экономикалық дамуы
Тақырып 3.
Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі
Сұрақтар
1.Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару.
2.Білім мен ғылым саласындағы реформалар.
3.Қазіргі заманғы адам өміріндегі білімнің рөлі
Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму
үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі
өсіп отыратын, ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен
ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім
берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің
жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана бі ле тін ұстаздардың ғана жұмысы
жемісті болмақ. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың
әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның
бірі — білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің
даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру
саласынада өз әсерін тигізуде. Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар,
қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер,
өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты — бәсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының
шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол
таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау — әр оқытушының
борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы — педагогикалық құралдардың
барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған,
шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға қойылатын талаптар: бәсекеге
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби біліктілігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Біздің кафедрамыздың оқытушы-профессорлар құрамы
жоғарыда атал ған талаптарға сай қызмет атқаруға тырысып бағуда. Олар Президентіміз
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында қойылған қазіргі
заманға сай білім берудің интеграциялық үдерістерін дамыту мақсатында еңбек етуде.
Әсіресе, жоғары оқу орындары білім беру ісімен шектеліп қалмауы тиісті екендіктерін
терең түсінген кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құрып,
оқу процесін жан-жақты дамыту қажеттігін басшылыққа алуда. Атап айтқанда, соңғы бес
жылда кафедрамызда Қазақстан тарихы, саясаттану және экономикалық теория негіздері
пәндері бойынша тұрақты ғылым-әдістемелік секциялар құрылып, жемісті жұмыс істеуде.
Бұған қоса, оқытушылардың жетекшілігімен құрылған студенттердің ғылыми үйірмесі-де
қазіргі талаптарға сай қызмет атқаруда. Осы үйірменің тікелей атсалысуымен жыл сайын
желтоқсан айында кафедраның жұмыс жоспары бойынша студенттер мен жас
оқытушылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтізіледі. Мәселен, 2012 жылғы 6
желтоқсанда «Тәуелсіз Қазақстан: Әлеуметтік жаңғыру жолындағы 20 қадам» атты
конференцияда ҚР ПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ор тақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасына сәйкес
ғылым мен білім беру саласын интеграциялаудың, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін
дамытудың кейбір көкейтесті мәселелері көтерілді. Конференцияда 50-ден астам
студенттер баяндама жасап, ой-пікірлерін айтты. Олардың үздік шыққандарына
Университет ректорының дипломдары мен құрмет грамоталары тапсырылды. Ал 2013
жылғы 12 желтоқсанда өткен студенттердің конференциясы «Халық тарих толқынында.
Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азат тық қозғалыстар» деген тақырыпқа арналды. Қазіргі білім
беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына»
бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру — оның
философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін
тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде
оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Осы талаптарға сай біз үстіміздегі жылы студенттерге «Мәдениеттану», «Бизнес
жоспарлау» және т.б. қосымша электив пәндерін ұсынып, оқытып жатырмыз. Бұдан басқа,
оқыту процесін интеграциялау мақсатында біз тиісті пәндер бойынша өткізілетін әрбір
дәріс пен семинар сабақтарын әлеуметтік-гуманитарлық және медицина ғылымдарында
қолданылатын ортақ тұжырымдамалармен ұштастырамыз. Мәселен, «Қазақстан тарихы»
пәні бойынша оқытылатын «Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстары»
тақырыбын «Саясаттану» пәніндегі «Қазақстаннның қазіргі дүниежүзілік жүйесіндегі
орны» деген тақырыппен тығыз байланыстырамыз. Сонымен бірге «Саясаттану»
және «Экономикалық теория негіздері» пәндері бойынша оқытылатын дәрістер мен
практикалық сабақтарды еліміздің негізгі тарихи кезеңдерімен және нақты тарихи
оқиғаларымен ұштастырып, ғылыми тұрғыдан тарихи әдістемені кеңінен
қолдануға тырысамыз. «Адамға оқып-үйрену ең алдымен өмір сүру үшін қажет» дегендей
оқыту процесін интеграциялау, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен
жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары оқытушылардың үздіксіз
ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту
түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай
туғызуды білдіреді. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы
барысында оқытушылар мемлекеттік стандарттармен берілген нәтижелерге жетуде кәсіби
шеберлік пен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары негізінде проблеманың шешімін
таба алатын, ақпараттық-коммуникативтік мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық
функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек
«кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін
үнемі оқып-үйрену» және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансап
тық өсуін, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ
педагог ғалымдардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру
мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім
беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір
педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болаша ғы жайлы
толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі
педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім
беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты
мақсаты — мамандықтарды игерту ғана болса, ал заманауи әлемдік білім кеңістігіне ене
отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшінадамның құзырлылық қабілетіне сүйену
арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну — қазіргі таңда негізгі өзекті
мәселелердің бірі. Ел болашағы — білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында
жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру — ұстаздар қауымы на ортақ іс.
Ал таяудағы перспективада әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық оқытуды
бастау күн тәртібінде тұрған келелі мәселе. Осының бәрі ұстаздар алдына жаңа міндеттер
мен мақсаттар қойып отыр. Қандай істі-де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан
ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегі мен оқыту әдістерін
жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді.
Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін
қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі
қарай қалай ұш тастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-
тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның
дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Қай қоғамда
болмасын шешуші фактор — адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы
қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ
бойына игі қасиеттерді сіңіру — бүгінгі білім жолында жүрген ұстаздардың басты
борышы. Ел экономикасын өркендету, бәсекеге қабілетті болу тек қана кемел біліммен
келетіні анық. Ұлттық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне шығуы, әлемдік
стандарттарға сай қызмет етуде елімізде жоғары оқу орындары көптеген іргелі
өзгерістерді бастан кешуде. Жалпы отандық жоғары оқу орындарын әлемдік-деңгейге
шығару — Президенттің Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда анық көрсетілген.
Сол себепті бәсекеге қабілетті маман даярлау еліміздің алдың ғы қатарлы жоғары
оқу орындарының мақсаты мен міндетіне айналып отыр. Бүгінгі таңда әлемдік
университеттердің арасында лайықтыорын ға ие болу мақсатында еліміздің жоғары
оқу орындары көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бері
халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткізілді. Соңғы жылдары
гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылды. «Қазақстан тарихы»,
«Ана тілі» және 1–5 сыныптар үшін басқа да пәндер бойынша жаңа оқулықтар
шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан оқу мекемелерінде тек бұрынғы КСРО
тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.
Республикамыздың жоғары білікті медицина кадрларын даярлау ісіне қомақты үлесін
біздің Астана Медицина университеті-де қосуда. Биылғы жылғы күзде оның құрылғанына
50 жыл болады. Соңғы жылдары бұл университет елімізде медицина кадрларын
даярлайтын ең жақсы үш жоғары оқу орындарының қатарына қосылды. Қазіргі кезде
университетте 5500-ден астам студент білім алуда. Олардың саны жылдан жылға артуда.
Университетіміз өзі құрылғаннан бері 14 мыңнан астам медицина кадрларын даярлады,
қазір олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шет елдерде-де (АҚШ, Канада, Израиль,
Германия, Греция, ТМД елдері және т.б.) жемісті еңбек етуде. Қазіргі ғылым мен өндіріс
бір мезгілде мамандану мен интеграциялану бағытында дамиды. Кәсібімен байланысты іс-
әрекет түрінде әр түр лі ғылым салаларынан алған білімдерін жұмылдыра пайдалана
алуға қабілетті кең салалы мамандарға қажетсіну артады. Мұндай мамандарды
даярлауда жүйелі ойлауды, объектіні көпжақты байланыстар мен қатынастардың
бірлігінде көре білу іскерлігін дамыту бірінші дәрежелі мәнге ие болады.
Интеграцияланған таным нәтижелерінің, жалпы ғылыми идеялардың, әдістемелік
принциптердің, жүйелік талдау әдісінің мәнділігінің қазіргі қоғамда
артқандығы сондай — студенттерге ғылыми интеграция өнімдерін үйрету жоғары
оқу орындарының негізгі міндеттерінің біріне айналды. Осы тұрғыдан алғанда білім
беру жүйесінде пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру көкейтесті проблема болып
табылады. Өйткені ол оқу үрдісінің барлық құрылымдық элементтерін — білім берудің
мазмұнын, формаларын, технологиясын бір тұтастыққа біріктіре отырып, оның
тиімділігінің артуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграция білімнің игерілуін, іскерліктер
мен дағдылардың белгілі бір жүйеде қалыптасуын қамтамасыз етеді, ойлау іс-әрекетінің
белсенді болуына, студенттердің теориялық білімінің оқу-өндірістік іс-әрекеттерімен
ұштасуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграцияның жүзе ге асуы білікті мамандардың
кәсіби даярлығын кеңейтуді және олардың өзара байланысты кәсіптердің тобына
даярлауға мүмкіндік бе реді. Елбасының биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстан-2050»
Стратегиясын нақты жүзеге асыру міндеттері қойылған. Онда халықты жұмыс пен
қамтуда мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізуде кәсіптік білімді тегін алуға,
өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасау және барлық мүмкіндікті туғызу,
шетелдік жұмысшыларды қазақстандық мамандардың күшімен алмастыру Қазақстанның
индустриалдық-инновациялық дамуының ең негізгі бағыты болатындығы атап
көрсетілген. Ал Президентіміздің бұдан бұрын ұсынған тарихи бағдарламасында былай
делінген болатын: «Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды
өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз
әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз
инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз
шарт». Қорытып айтқанда, жоғарыда баяндалған маңызды шаралардың
барлығы мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтауға, республика халқының бірлігін нығайтуға,
оның әлеуметтік-тұрмыс жағдайын, денсаулығын, тіршілік сапасы мен-деңгейін
арттыруға бағытталғанын жан-жақты ашып көрсетеді. Осының барлығына біздің қолымыз
Ата Заңымызда көзделген тарихи ережелерге сүйене отырып, Президентіміз белгілеп
берген басымдықтарды жүзеге асыру, атап айтқанда: ғылым мен білімнің
инновациялық жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласының қазіргі
заманғы стандарттарына өтуін, ұлттың мәдени және рухани әлеуетін өркендеуін
қамтамасыз ету арқылы жетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |