Панельдік зерттеу. Панельдік зерттеуде респон
-
денттердің біркелкі (бірақ бір-біріне ұқсамай
-
тын) респондент іріктемелеріне белгілі бір уақыт
аралығында екі немесе одан да көп рет бірдей
сұрақ қояды. Мақсаты – адамдардың уақыт өте
өзгеретініне не өзгермейтініне көз жеткізу.
Жоғарыда келтірілген мысалды пайдаланайық.
1989 жылы жас жұбайлардан сауалнама алса
-
ңыз, 1999 жылы (некеге тұрғандарына 10 жыл
өткенде) және 2009 жылы дәл сол адамдарға
қайта сауалнама жүргізіп, уақыт өте келе көзқа
-
растарының қалай өзгергенін бағалайсыз.
281
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау