Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет275/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Жақсы сауалнаманы жоспарлау 
Кім, қайда, қашан, қалай және не деген сұрақтарды қарастыру
Жоспарлау барысында ескерілуге тиіс негізгі мәселелер: 
1. 
Негізгі жиынтық және іріктеме/респондент/қатысушылар
. Кім туралы айтпақ-
шысыз (негізгі жиынтық) және деректерді кімнен аласыз (іріктеме)? (11-та-
рауды қараңыз).
2. 
Қолжетімділік
. Іріктемеңізге қалай қол жеткізесіз? Онымен байланысуға шек 
қоятын кез келген тілдік немесе мәдени кедергілерді қарастырыңыз.
1 2 . 1 - Қ О С Ы М Ш А


283
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
Анкета әзірлеу
Анкета әзірлеу – ерекше қиын шаруа. Бұрын-соңды анкета даи�ындап көрме-
гендер зерттеу сұрағына қатысты бір-екі сауалдың басын құрап, демографиялық 
мәлімет сұрасақ, осымен іс бітті деп ои�лаи�тын шығар. Бірақ бұл оңаи� іс емес, 
анкета даи�ындау кезінде кедергі көп. Шын мәнінде, дұрыс анкета формасын 
жасау үшін қазір бар анкетаны паи�далана аласыз ба, соны ои�ланыңыз, олаи� 
болмаса, концепциядан аи�нымалыға қалаи� ауысатыныңызға; сұрақтарды қалаи� 
жақсы құрастыруға болатынына; қандаи� жауап нұсқалары қалаған дерекке қол 
жеткізуіңізге мүмкіндік беретініне мән беріңіз. Оның үстіне, анкета дұрыс ста-
тистикалық талдау жасауға, шолуға, қаи�та жазуға септігін тигізетіндеи� болуға 
тиіс әрі оның жоспары анық, нұсқаулығы түсінікті болғаны жөн. 12.2-қосымша 
осы негізгі сатыларды сипаттаи�ды. Ал сауалнама құралы туралы келесі бөлікте 
сауалнаманы әзірлеу жолдары жан-жақты көрсетіледі. 
3. 
Жаңсақ түсініктеріңіз
. Субъективтілігіңізді мойындап, оны бақылауға алу ке-
рек. Оған сенімділікті қамтамасыз ететін сауалнама құралдары көмектеседі. 
4. 
Қабілетіңіз
. Сауалнама жүргізуге қажетті қабілетіңізді/ресурстарыңызды (мы-
салы, статистикалық зерттеу білігі) қалай дамыта аласыз?
5. 
Этикаға сай болу
. Жобаңыздағы барлық этика мәселелерін қарастырып, қа-
жет болса этика жөніндегі ұйымның рұқсатын алу.
6. 
Дерек
. Зерттеу сұрағыңыздың анкета арқылы жауабын табуға болатын тұс-
тарын ойластыру. Сіз жинайтын деректің пішімі мен қалыбы талдаумен үйле-
сімді ме, әлде жоқ па?
7. 
Детальдар
. Анкетаны тарату, респондентке ескерту, жауап беретіндер саны 
және деректі өңдеу.
8. 
Күтпеген жағдайлар
. Күтпеген, жоспарланбаған және жазатайым оқиғалар. 
Жауап беру деңгейі төмен болса, қосалқы жоспар дайын болуы керек.
Анкета әзірлеу
Бұл жайт келесі бөлімде толығымен қамтылған, бірақ қысқаша сипаттап өтейік:
1. 
Тұжырымдарды операционалдау
. Абстракциялық концепциялардан өлшене-
тін/бағаланатын айнымалыларға өту; мысалы, сауалнамаңызда байқалатын 
кедейліктің немесе қоршаған орта азаматтығының нақты өлшемі.
2. 
Қолда бар мүмкіндіктерді анықтау
. Ерекше нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ. 
Бұрыннан бар сауалнамада айнымалыларыңыз қолданылса, онда оны қа-
былдау, бейімдеу және өзгерту жолдарын қарастырыңыз.
3. 
Сұрақ әзірлеу
. Жаңа сұрақ қойғанда мүмкіндігінше нақты әрі түсінікті 
жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет