Бір айнымалы талдау
– бір мезгілде бір айнымалының статистикалық талдануы. Ол ортақ тенден
-
ция, дисперсия және дистрибуция сияқты амалдардан тұрады. Бір айнымалы талдау корреляцияға, себеп
пен салдарға немесе модельдеуге қарамағанымен, талдаудың бұл түрі дескриптив зерттеуде басты
орын алады және статистикалық талдаудың барлық түрлерінде, деңгейлерінде маңызды бастапқы
кезең болып есептеледі.
Қос айнымалы талдау
– екі айнымалы арасындағы қатынастарды статистикалық талдау; қос ай
-
нымалы талдау екі айнымалы арасындағы қарым-қатынасты бағалайды; мысалы, білім деңгейі мен
теледидар көру әдеті арасындағы байланыс немесе гендер мен табыс арасындағы байланыс. 14.5-кесте
-
дегі қарым-қатынас зерттеуіне қолданатын тестілердің түрі көп және олар айнымалының түріне қарай
өзгешеленеді. Ең жиі қолданылатын тестілер кросскесте (номинал айнымалыларға қолданылатын хи-
квадратты), ANOVA (бір номиналға және бір қатынас айнымалысына қолданылады) және корреляциялар
(екі қатынас айнымалысына қолданылады).
Достарыңызбен бөлісу: |