Тарауды қорытындылау y
Жазып шығатыныңыз ғылыми еңбектің елеулі бөлігі болатындықтан, жа-
зудан жүрексінуіңіз мүмкін. Алайда жұмысыңыздың сапасын жақсартатын
тиімді стратегиялар жағдайды жеңілдетеді.
y
Жақсы жазып шығу үшін аудиторияңызды білуіңіз, құрылымыңызды шешуі-
ңіз, еліктіретін әңгіме желісін құрастыруыңыз, мақсатты түрде жазуыңыз
және қайта драфтауға, сосын тағы да қайта драфтауға дайын болуыңыз
керек.
y
Перзентация жасау өз жұмысыңызбен бөлісу мүмкіндігі ғана емес, зерт-
теуіңізден туындайтын мүмкіндіктер туралы басқаларды тамсандыруды да
ескеріңіз. Аудиторияңызды ынталандыратын презентация жасаңыз.
y
Кез келген зерттеу жобасының түпкі мақсаты – білімге үлес қосу.
Жобаңызды аяқтаған соң, оны конференцияда баяндау, презентациялау,
мақалаға айналдырып жариялауға жіберу туралы ойлаудың жөні бар.
y
Зерттеу процесін жүргізу арқылы өзіңіз ойлағаннан әлдеқайда көп нәр-
се үйренесіз. Сіз жаңалық ашудың сынаққа толы сапарын аяқтадыңыз,
бұл әлеуметтік әлемге және өзіңізге қатысты жаңалық. Ол жаңалықты
пайдаланыңыз.