Әдіснамалық дизайн
– зерттеу жобасын жүргізу жоспары.
Әдістер
– деректерді жинау мен талдау үшін қолданылатын макродеңгеи�лі тәсіл.
Дерек жинауға сұхбат алу, сауалнама, бақылау және сырттаи� бақылау тәсілдері кіре-
ді; ал талдау әдісі сандық стратегияны (яғни статистика) және сапалық стратегияны
(тақырыптық зерттеу) қамтиды.
Әлеуметтік дерек
– адамдардың саналы түрде, өз еркімен бөлісетін дерегі. Ол дерек
Twitter, Fаcebook не YouTube платформаларында жарияланған туит, пост яки видео
болуы мүмкін.
Әлеуметтік конструкционизм
– адамдар бір-бірімен қарым-қатынас орнатқан соң
және бір-бірін түсіну барысында әлемнің беи�несі қалыптасады деген пікірге зор мән
беретін білім теориясы.
Әңгімені талдау
– әңгіменің құрылымы мен сөздің құралуын түсінуге тырысатын
сапалық талдау тәсілінің бір түрі.
Әрекетті зерттеу
– циклді процесс арқылы іс-әрекетті бастау; өмірлік мәселелерді
зерттеуге қатысушылармен бірлесе отырып білім өндіру үшін шешім табуға негіз-
делген зерттеу стратегиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |