Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ


ш, ч мынадай әріп тіркестерінің  sh/ш,ch/ч



Pdf көрінісі
бет139/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

ш, ч
мынадай әріп тіркестерінің 
sh/ш,ch/ч
әрбіреуінің 
пернетақтада бар болуынан, олар орын алмады. 
2-сурет. 
Статистикалық негіздегі пернетақта
Осы әріптер орналастырылған пернетақта пилоттық жоба ретінде ұсынылып, перне-
тақтада теруге арналған арнайы компьютерлік бағдарлама жасалды. Жиілік талдау бойын-
ша орналастырылған латын әріптері бірнеше пернетақта батырмасына жапсырылып, бұл 
пернетақта нұсқасының мәтін теруге ыңғайлы, тиімділігі уақыт сыйымдылығы мен қуат 
сыйымдылығына қарай сынақтан өткізілуде.
2. Пернетақтада жазу дағдысын меңгерту.
Жоғарыда берілген пернетақтаның үш 
нұсқасында да әріптерді теруге қатысты өзіндік уәждері бар. 
Біріншісі
– кирилдегі қазақша әріптер тұрған жоғарғы жақ қатарға жаңа таңбаларды ор-
наластыру. Бұл нұсқа бойынша мәтін теруші ағылшынның латын қаріптері тұрған баты-
рмаларды пайдалана отырып, қазақ тіліне ғана тән қаріптерді кирилл пернетақтасы бой-
ынша сандар тұрған жоғарғы жақтағы 
ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, қ, ө, һ
әріптері тұрған батырмалардан 
іздейді. Кирилл және ағылшын пернетақтасында мәтін теріп жүрген адам үшін жеңіл бола-
ры сөзсіз. Көпшілікке ұсынылған сауалнама нәтижелері де көпшілік халықтың осы нұсқаны 
қолдайтынын көрсетті.
Екіншісі
– ағылшын пернетақтасындағы латын қаріптерін сақтай отырып, жоғары жаққа 
емес, негізгі үш қатардағы тыныс белгілері (символдар) тұрған бос орындарға жаңа таң-
баларды қою. Бұл пернетақта нұсқасы бойынша да мәтін теру тым қиындық тудырмайды. 
Өйткені жаңа таңбалар пернетақтаның оң жақ бұрышына шоғырланып орналастырылады. 
Қол мен көз жаттықтырғаннан кейін теру жылдамдығын арттыруға болады.
Үшіншісі
– пернетақтада әріптерді қолданыста жиі кездесуіне қарай орналастыру. Бұл 
нұсқа қазақ тілінде жиі кездесетін әріптердің пернетақтаның оңтайлы жеріне орналасты-
рылуына негізге алынып жасалғандықтан, мәтін теруде жылдамдықты арттыруы сөзсіз. 
Алайда бұл нұсқа жаңадан жасалғандықтан, бұрын пернетақтаны ағылшын қаріптерімен 
терушілер үшін қиындық тудыруы мүмкін. Қол және көз жаттыға келе, пернетақтаның бұл 
нұсқасы бойынша да мәтін теруге болады. 


105
Қысқасы, пернетақтаның қайсібір нұсқасын болмасын, адамның көздағдысы мен қол-
дағдысына қарай меңгеріп кетуіне мүмкіндік бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет