Жаттығу. өлең жолдарын буынға бөліп, қалай тасымалда-натынын түсіндіріңдер.
Үлгі:
Жа-сым-да ғы-лым бар деп ес-кер-ме-дім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
(Абай)
Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,
Еліріп ерегеске екі-үш күндік.
Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.
(А.Байтұрсынов)
10. Тасымал.
1. Тасымал.Тасымалдың буынға қатыстылығы.
2.Тасымалдау жолдары.
3.Тасымалданбайтын сөздер.
Жаттығу. Мәтіндегі сөздердің тасымалдау тәртібін анықта-ңыздар.
... Әсет Қояндыда белгілі ақын қыз Рысжанмен айты-сады. Әдеттегі ақындардың елін, жерін, байларын, мырза-
биле-рін айтып мақтанатынына бұл екеуі бармай, салған жерден өздерінің жеке бастары жайлы әңгіме қозғайды. Әрине,
бір-бірінің қытығына тию үшін өткір сөздер қолданады. Рысжан Әсетті көріп:
Осы ма атақтыңыз Әсет деген,
Бере ме өнер пайда көрсетпеген.
Топастау, торшолақтау біреу ғой,
Мұның кім сөзбілгішке есептеген,- дейді. Әсет оған жауап бере қоймай, салмақ сақтайды. Әйел деп кеиітіп, менсінбей,
жауап беруді де артық көріп отыр ма деп ойлап қалған Рысжан:
Жіңішке бойым нәзік қылдырықтай,
Сүйтсе де сөзім ұшқыр бұлдырықтай.
Қызығып қыз екен деп далаңдама,
Тұйғынның жемін қуған кезқұйрықтай,- деп, өзін көтере та-ныстыра түседі. Айтушылар осы сапарда Рысжан мен
Әсет жеңісе алмапты дейді.
(А.Жұбанов.”Замана бұлбұлдары”кітабынан)
53
Жаттығу. өлең жолдарын буынға бөліп, қалай тасымалда-натынын түсіндіріңдер. Қарамен жазылған сөздерге
Достарыңызбен бөлісу: |