ә, ы, і, и дыбыстары мен дауыссыз
х, й, у дыбыстары.
Орфографиялық ережелерді реттеуде біріккен сөздердің ара-жігінде кездесетін
к, қ қатаң дыбыстарын сөздің айтылу
нормасына сай ұяңдатып айту мен жазылуын сәйкестендіру мә-селесіне көңіл аударған дұрыс. Қазіргі кезде қазақ тілінің
орфог-рафиялық нормалары біршама айқындалып, көбі тұрақталған.
Орфографиялық ережелер белгілі бір принциптерге негіз-деледі. Қазақ тілінің орфографиясының негізгі
принциптеріне фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүр-лік принциптер жатады.
Морфологиялық принциптің негізіне сөз бөлшектері – мор-фемалардың түбір тұлғаларын сақтап жазу кіретіндігі
белгілі. Атап айтқанда,
жұмыс, аш түбірлеріне
–шы, -са қосымшаларын жалғағанда, олардың құрамындағы дыбыстар бір-
біріне әсер етіп, сөздер
жұмұшшы, ашша болып айтылып, естіледі, бірақ сөздердің түбірлері мен оларға жалғанған
қосымшалар өз тұлға-ларын сақтап,
жұмысшы, ашса болып жазылады.
Фонематикалық принципке сай жазуда дыбыстардың бір сөз ішіндегі не сөз аралығындағы бір-біріне тигізетін
әсерлері ескерілмейді, олардың негізгі фонемалық түрі сақталып жазы-лады.
өнер, түлік, көрік, түнгі сөздері ө
нөр, түлүк, көрүк, түнгү болып айтылғанмен,
бастапқы негізі сақталып жазылады.
Ал қазақ орфографиясының фонетикалық принципі тілі-мізде жиі қолданылады. Бұл принцип бойынша бірқатар
пәуеске, самауыр, божы, шөген, әділ, пайда , т.б. сияқты кірме сөздер қа-зақ фонетикасының заңдылығына икемделіп
жазылады.
Бүгін, биыл, қолғабыс, белбеу , т.б. бірқатар кірігіп кеткен біріккен сөз-дердің сыңарлары фонетикалық принципке
сай айтылуы бойын-ша жазылады. Сол сияқты сөз соңындағы қатаң
к, қ, п дыбыс-тарына дауыстыдан басталатын
қосымшаларды жалғанған кезде аталған дыбыстар ұяңданып
ғ, г, б болып өзгереді.
Тарихи-дәстүрлік принципке сай сөздерді жазу үрдісі он-ша көп тарамаған. Оны қазақ тіл білімінде шартты түрде
қолда-нады. Ол орыс тілінен енген сөздердің орысша тұлғасын сақтап жазу мен араб, парсы тілінен енген бірқатар сөздер
құрамын-дағы
х, ћ әріптерінің