ГЛОССАРИЙ
Абруптив
(глоттальды дауыссыз) – артикуляцияның соңғы кезеңінде дауыс шымылдықтарының
жақындауынан немесе
қосылуынан пайда болатын дауыссыз дыбыстар
Акустика
(грек. аkustikos - есту) – дыбыстау мүшелері арқылы дыбыстың пайда болуын зерттейтін ілім.
Аллофон
– фонеманың варианты, қосымша типі.
Алмасу
(лат. аlternation ) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың
әсерінен басқа бір дыбысқа өзгеруі.
Анаптикса -
екі дауыссыз дыбыстың арасында тұрған дауысты-ның жеңіл түрде айтылуы.
Достарыңызбен бөлісу: