Морфологиялық принцип - сөздердің айтылуынша емес, бас-тапқы түбір тұлғасы сақталып жазылуы.
Орфография (грекше орфос - дұрыс, түзу және графия -жазу деген сөздерден алынған) - тілдегі сөздердің дұрыс жазу
ереже-лерінің жиынтығы.
Орфоэпия (орфос - гректің дұрыс, түзу және эпос - сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) - тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің
дұрыс айтылу ережелері.
Редукция - сөз ішіндегі қысаң дауыстылардың сандық, сапалық жағынан әлсіреп, көмескі айтылуы немесе мүлде түсіп
қалуы.
Регрессивті ассимиляция – кейінді ықпал
Редупликация – алғашқы буынның немесе бүтін түбірдің қосарлануынан пайда болатын фономорфологиялық құбылыс.
Прогрессивті ассимиляция – ілгерінді ықпал
Протеза (грек prothesіs - алдында тұру) - сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы.
Селбеспелі дыбыс – сөз құрамының ұлғаюына себеп болатын дыбыс.
47
Сингармонизм (грек.syn – бірге және harmonia – қос үнділік, үндесу)
– 1) дауысты дыбыстардың өзара үндесуі; 2) морфоно-
логиялық құбылыс.
Сөйлеу аппараты - дыбыстау мүшелерінің жиынтығы.