Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев
27.08.1925 жылы, Қостанай облысы, Ленин
ауданында туған. Қазақтың тұңғыш
мүсіншісі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі
(1969). 1951 жылы Харьков көремсурет
институтының мүсін факультетін
(О.Н.Кудрявцева шеберханасынан) бітірді.
1952 жылы Алматы көркемсурет
училещесінде тұңғыш рет мүсіншілер
үйірмесін үйымдастырып, 1966 жылға
дейін сонда сабақ берген. Алматыдағы
«Абай», «Шоқан», «Калинин», Жамбыл қаласындағы «Жамбыл»
атты монументті ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын
тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы бейнеледі, әрі ұлттық
колоритке аса көңіл бөлді. «Жасөспірім Жамбыл», «Салт атты
Жамбыл», атты композицияларында мүсінші силуэт пен фактураны
үлкен шеберлікпен пайдаланды. «Амангелді портреті», «Бала
Жамбыл», «Құрманғазы», «Алдабергенов», «М. Хакімжанова»,
«Сәкен», «Шопан портреті», «Ленин портреті»атты еңбектерінде
кейіпкерлердің жан-дүниесін терең де жан-жақты ашты. Ол
Социалистік Еңбек Ерлері, Б. Шаяндин, Д. Серіков т.б мүсіндік
порттреттерінің авторы.
Қазақтың бейнелеу өнерінде
алақанының ыстық табын қалдырған
біртуар суретшінің бірі
Достарыңызбен бөлісу: |