«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 120
121
даусы, т.б. Олар ағзадағы микробтарды, жағымсыз заттарды өлтіре
алады [1, 33 б.].
Музыкотерапия жадты жаңғыртады. Жағымды әуен есте сақтау
қабілетін арттырады. Мидың ақпарат сақтау қорына жауап беретін
гиппокамп аталатын бөлігіне музыкотерапияның пайдасы зор. Әрине,
музыка дыбысы электромагнитті толқын тудырып, ірі қуаттық өріске
айналатындықтан, оның жер бетіндегі тірі организмдерге әсері тез
болады. Бос уақытыңызда болмаса қатты шаршап демалғыңыз келсе
күңіренген қобыздағы Қорқыт, Ықылас күйлері мен Құрманғазы, Дина,
Тәттімбет, Сүгір домбырадағы әсем үнді, жүректі тебірентетін күйлерін
тыңдасаңыз рахат күй кешіп, жеңілдегендей боласыз. Өйткені, бұл
күйлердің емдік шипасы бар екенін ғалымдар анықтаған.
Музыкотерапия грек- латын тілінен аударғанда «музыкамен
емдеу» деген мағынаны білдіреді. Музыканың емдік қасиеттерін
алғаш рет ХІХ ғасыдың 1899 жылы невропатолог Джеймс
Л. Корнинг зерттеген.
Ресейде музыканың адамға әсері туралы ғылыми еңбектер ХІХ
ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басында пайда болды.
ХХ ғасырда француз психиатры Эскироль психиатриялық
емханаларда музыкалық терапияны пайдалана бастады. Кейін
музыкалық терапия бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін пайдалана
бастады. 1930 жылдары әскери дәрігелердің тәжірибесін неміс
терапевтілері асқазан жарасын емдеудің түрін пайдаланылды.
Музыкотерапия қазіргі кездері невроздар мен неврастения
секілді ауруларды емдеу мақсатында шаршап, ұйқы қашқан
кезде жүйкені тыныштандыратын ем ретінде пайдаланып жүр.
Рушель Блаво-медицина ғылымдарының докторы, профессор,
дәрігер-пенхотерапевт, музыкотерапевт. Ол өзінің көп жылғы
тәжірибесіне сүйеніп, музыканың емдік пайдасы туралы былай
дейді: «Музыкамен емдеу жолы жылдар бойы адамның өмірін
қинаған жүйке-жүйелерін тоздырған және өте қауіпті асқынған
сырқаттарын емдеуде зор көмегін тигізеді»- деп жүйелейді.Рушель
Блаво зерттеулер нәтижесінде өзінің жеке емдік музыкасының
топтамасын жасақтады. Зерттеулер нәтижесінде ол әр ауруға жеке
музыка ғана емес әр ауруды емдеуде жеке аспап қажет екендігін де
анықтады. Ол әр аспаптың емдік ролін былай бөлді:
Виолончель- жүрек, бүйрек ауруларын емдейді. Рушель Блаво
зеттеулеріне сүйенсек, виолончельде ойнаған музыканы тыңдау
арқылы ішкі, сыртқы ісік ауруларынан құтылуға болады, ағзадағы
артық сұйықты сыртқа шығарады.
Орган-омыртқадағы энергетикалық айналымды ретке келтіреді.
Дабыл-жүрек соғысын ретке келтіреді, бауырды емдейді, қан
айналымын ретке келтіреді.
Фортепиано-\пианино, рояль/ бүйрек жұмысын реттейді, нерв
жүйесін тыныштандырады.
Арфа-жүрек жұмысын ретке келтіреді [2, 57-60 б.].
Музыканың әсері. Ғалымдар музыканың тіршілікке қандай
пайдасы барын анықтау үшін бірде мынандай тәжірибе жасаған. Гүл
өсірілген плантацияның бірінде үнемі жанға жайлы сазды музыка
ойнап тұрған да, ал екінші бір плантацияда гүлдер музыкасыз жай
тәсілмен өсірілген. Тәжірибенің қорытындысында ғалымдар музыка
ырғағымен өскен гүлдердің жақсы да әсем болып өскенін анықтаған.
Өз ұлтымыздың да музыка мен сазды әуенге байланысты неше бір
ағыздары бар. Солардың бірі- ботасынан айырылып, көздерінен жас
сорғалап боздап тұрған аруанаға сырлы сыбызғымен ән ойнағанда
жаңағы түйе боздағанын тыйып, бойы босаңсып, иіген екен. Міне,
әннің құдіреті. Кез келген ән мен күйдің өзіндік ерекше мәні бар
ырғағы мен ритмі болғандықтан, оның мәнділігін орындап халыққа
жеткізуде әнші мен күйшінің орындау қабілетіне байланысты
болады да, әсері де әр түрлі болады.
Зейін қойып, зер салсаңыз табиғаттың әрбір құбылысы, әрбір
таңғажайып саз, музыка емес пе? Табиғат аясында бірер сағат
болудың өзі адамға бір аптаға қуат, күш-жігер беретін сондықтан.
Мысалы, жұмыстан шаршап келгенде 15-20 минут жанға жайлы
жеңіл музыка тыңдасаңыз жаныңыз сергіп сала беретінін, күш-қуат
аз уақыттың өзінде қалпына оралатынын байқайсыз.
Ән-әуен адам сезімін баурап алып, жанға жайлы мол
эмоциялық сәттер туғызады. Тартымды да мәнді музыка-дертке де
шипа.Батыс елдерінде классикалық Ф. Шопен, В. Моцарт, Ф. Лист
және Л. Бетховеннің шығармаларын жүйке ауруларының түріне
қарай пайдаланса, қазақ елінде де емдік қолданысқа емдеушілерде
пайдаланып келеді. Жапониялық ғалымдар музыканы жемістер мен
көкеністерде жақсы көретінін анықтаған. Олардың пікірі бойынша
музыкалық аспаптар сазы өсімдік жапырақтарының араларын
кеңейтуі нәтижесінде оттегі, қоректік заттар көбірек сіңіріліп,
фтосинтез процесі күшейтетінін анықтаған [3, 29-32 б.].
Классикалық музыканың емдік қасиеті. Медицинада музыкалық
фармакология деп аталған бөлім бар. Музыкалық фармакология
негізгі емдік болып табылатын классикалық музыка болып
есептеледі. Ұзақ зерттеулер нәтижесінде классикалық музыканың