«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
12
13
болып табылады. Бірақ бұл позитивті әсерлердің барлығы кей 
жағдайда негатив әсерге айналып, балаларға кері әсерін тигізуі де 
мүмкін.
Зерттеулерге жүгіне отырып, 2-5 жас аралығындағы балалардың 
көрген оқиғаларына, іс-әрекеттеріне еліктеу қабілеті бар екендігін 
аңғарамыз. Көрген нәрсесіне еліктеп, көрген нәрсесінен сабақ 
алатын балалардың өмірінде, мультфильмдердің алатын орны 
ерекше.
1 Бұл балалар басқаларының қайғы-қасіреттеріне көп мән 
бере-бермейді.
2 Шын өмірде айналасында болып тұратын ұрыс-керістен 
жеткілікті дәрежеде мазасызданбайды.
3 Айналасындағылармен ұрсысуға, оларды ренжітуге 
басқаларға қарағанда бір табан жақын тұрады.
Әсіресе 12 жасқа дейінгі балалар шындық пен қиялды ажырата 
алмау проблемасына душар болуы мумкін. Мультфильмдерде 
көрген- биіктен секіру, ұшу сияқты іс-әрекеттерді шын өмірде де 
сынап көруі мүмкін. Осылайша бала өз өмірін қауіп-қатерге тігеді.
Мұның алдын-алу:
Балалардың қандай тақырыпта мультфильм көріп жүргендерін 
қадағалап отыру керек. Оларды мультфильмнен де басқа нәрсеге 
баулу керек. Мультфильмдердің балалар өмірінде маңызды роль 
алуына жол бермеу керек.
Отандық мультфильмдер заман көшіне ілесе алмай, артта қалып 
қойғаны мәлім. Батыстың арзанқол дүниелерінің бала санасын 
жаулап алғаны соншалық, қазақстандық мультипликаторлар 
жасаған дүниелерді мүлде қарамайды, көруге деген ынталары 
төмендепкеткен.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме? Тәуелсіздігімізді 
алып, ел көшінен қалмай, өркендеп келе жатқан тұста, мынадай 
сорақылықтың орын алып жатқаны жүрегіңді шымырлатып, 
сүйегіңді сыздатады екен. Мультфильм – жас ұрпақты тәрбиелеуде 
үлкен рөл атқарады. Ақыл-ойы әлі қалыптаспаған сәби үшін озбыр-
лыққа толы көріністерді көру оның өсіп жетілуіне, психологиясына 
өз әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Мұны көріп өскен бала ұлттық 
құндылықтарымызды, рухани болмысымызды, ана тілімізді, салт-
дәстүрімізді не қылсын?
Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық 
нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп 
әкететін мультфильмдер түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның 
толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына көгілдір 
экранның тигізетін әсері мол. Сондықтан да, ел боламыз десек, 
экранымызды түзеуіміз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 «Зорлық және Медиа»АҚШ-та өткен конгрес құжатынан 
үзінді
2 Мультфильмдер жинағы әдістемелік нұсқау, Алматы 2012
3 Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет