«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет235/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
334
335
Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне 
қарағанда жақсы дамыған. Сол үшін мемлекеттік органдар 
кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Қазіргі заманғы әлемдік экономика дәстүрлі индустрияда 
тұрақты қарқынмен өсумен, толып жатқан жаңа салаларда тез 
дамып, алға ұмтылумен ерекшеленеді. Қазіргі заманда білуге, 
үйренуге жағдай жасалған. Қоғамның экономикалық өміріндегі 
болып жатқан құбылыстарды көріп білумен қатар, уақыт өткен 
сайын өзгермейтін базалық бағдары мен білімін сақтай отыра 
іскери сұрақтармен бірге өз өмірін де жоспарлай білуін және жаңа 
көз – қарасын қалыптастыру мақсатында тұрғындардың қаржы 
туралы білімі мен ойлауы қолдағы ақшаны жұмсау деңгейінен 
аспағанын көріп, ақшаның қызметі шығындарды өтеу, сирек тұтыну 
тауарларын сату, одан әрі қор жинау. Өмірдегі мақсаттар: білім, 
мамандық, өмір сүру стилі және сізге қажетті басқа мақсаттар.
Қаржы жоспары – бюджетінде бұрын жинаған ақпараттың 
барлығын қорытындылаңыз. Оны сіздің жұмыс істейтін 
жылыңыздың санына құрыңыз және сіздің тапқан табысыңыз 
демалысқа шыққанда сізді қаржы жағынан қанағаттандырады ма?
Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты 
түрде, белгілі бір негізгі табыс түрінде ие болады. Жалдамалы 
еңбек ететіндер үшін бұл еңбекақы, ал кәсіпкер үшін – таза пайда.
Осы заманғы білім жүйесін дамыту, кадрларды даярлау және 
озық технологияларды игеруді дамыту үшін біздің халықаралық 
рынокқа шыққанымыз жөн. Еңбек нарығын қалыптасуына 
ықпал жасау арқылы іске асады. Қазақстан жағдайында шетелдік 
фирмалармен бірлесіп жұмыс істейтін кәсіпорындарға жергілікті 
ұлт өкілдерін тарту мәселесі өте маңызды. 
Бірлескен кәсіпорындарда шетелдік жұмыскерлерді пайдалану 
тәртібі мемлекет тарапынан нақты түрде анықталғаны дұрыс. 
Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің тереңдеуіне 
байланысты мемлекет жұмыскерлерді қайта оқыту, олардың 
білімдерін, мамандықтарын жетілдіру жүйесін ұйымдастыруды 
және қаржыландыруды өз міндетіне алады [2, 95 б.].
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік 
экономикалық әлеуметті еселей дамытуда кәсіпорындардың, 
мұндағы кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер 
қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана 
қоймай, шағын және орта бизнесті дамытып, мемлекетіміздің іргесін 
нығайта беру барысында көптеген қызметтер атқаруда. 
Экономиканы басқару жүйесін радикалды түрде қайта құру, 
яғни нарықтық қатынастарға өту елімізде жүргізіліп жатқан 
реформалық бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі болып 
табылады. Кәсіпорын деңгейінде бұл мәселенің маңыздылығы 
ерекше, себебі, нарықтық экономикада оның жағдайы түбегейлі 
өзгеріске ұшырайды [3].
Экономикалық белсенділіктің негізгі факторы ретінде шағын 
кәсіпкерліктің дамуы көптеген мемлекеттерде орын алған. Шағын 
бизнестің үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-
60 %, жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді, ал өндірілген 
өнімдер мен қызметтер ЖҰӨ-нің тең жартысын құрайды. Шағын 
кәсіпкерліктің артықшылығы - капитал салымдарының тез 
орын толтыруы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, 
жұмыспен қамту деңгейінің жоғарылығы, сұраныс өзгерісіне 
икемділігі.
Бұл сектор экономикалық қатынастар жағдайында дамыған 
елдердің маңызды құрылымдық звеносы болып табылатындығы, 
әлемдік тәжірибеде айқын көрсетілуде. Шағын бизнес 
кәсіпорындарының ынталы түрде жұмыс атқару қажеттілігі 
бірқатар белсенді тенденцияларға байланысты туындап отыр, 
оның ішінде еңбек күшінің мамандандырылуы мен бөлінуі, 
өндірістің диверсификациялануы, жоғары сапалы тауарларға деген 
сұраныстың артуы, демографиялық факторлардың өсуі және т.б. 
Конституциялық ережеге сай: «Әрбір тұлға кәсіпкерлік қызметпен 
еркін айналысуға, жеке мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік іс үшін 
пайдалануға құқылы». Сондықтан мемлекет кәсіпкерлік ісімен 
еркін айналысуға кепілдік береді және оны қорғап, қолдап отырады. 
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, 
қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты 
ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен 
аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық 
жағдайын жақсартуға қызмет етеді [4, 29 б.]. Оңтүстік Қазақстан 
Облысының шағын және орта кәсіпорындарының жұмысына әсер 
етуші кедергілердің арасында бірінші орында дайын өнімді өткізу 
мәселелері алып тұр.
Бұл мәселенің пайда болуы келесі факторларға байланысты 
болып табылады:
– шетелдік тауарларға қарағанда отандық тауар өндірушілер 
тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет