Дипломдық жоба рұқсатсыз қатынас құрудан ақпаратты қорғауға



Pdf көрінісі
бет40/41
Дата09.04.2022
өлшемі3,55 Mb.
#138631
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Дипломды жоба р сатсыз атынас рудан а паратты ор ау а

 
 
 
 
 
Қорытынды 
Дипломдық жоба бойынша келесі қорытынды жасауға болады. Қазіргі 
уақытта желілік шабуылдар ақпараттық қауіпсіздік саласында өте маңызды 
мәселе болып табылады. Ақпараттық ресурстарға күн сайын саны бойынша 
қыруар шабуыл әрекеттері жүзеге асырылып жатыр. Ауқымды желідегі 
компьютерлік қылмыстармен байланысты жыл сайынғы шығындар жүздеген 
милиондаған доллармен есептеледі. Сондықтан коммерциялық немесе жеке 
құпиясы бар ақпаратты жіберу және сақтау үшін де, Интернет желісінде жұмыс 
істеу үшін де тиімді қорғаныш жүйесін құру қажет.
Осындай қауіп қатерлерден сақтану үшін ақпарат желісін алдын ала 
қорғау қажет. Осы дипломдық жобада желідегі ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз 
ететін әдістер мен құралдар қарастырылған. Жұмыс барысында сонымен қатар
шабуылдарды айырып табу, алдын алу жүйелері мен баптауларымен таныстым.
Тәжірибеде қолданылған Kerio Control бағдарламалық желіаралық экранның 
артықшылықтары анықталды, яғни оны орнату мен пайдаланудың 
қарапайымдылығы, көпфункционалды және заманға сәйкес келетін интерфейсі. 
Желіаралық экранның негізгі функциялары, соның ішінде, трафикті фильтрлеу, 
зиянды сайттарды бұғаттау, жергілікті желідегі пайдаланушылар арасында қол 
жетуді бақылау, қашықтан қол жетуді жүзеге асыру және т.б. ақпараттық 
жүйелер саласындағы кәсіпорындар үшін өте маңызды және ыңғайлы болып 
есептеледі. Тәжірибе бойынша келесі нәтижелерді тұжырымдауға болады: 
қарастырылған желіаралық экран корпоративтік желілердің қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудегі тиімді құралдардың бірі болып табылады және ғаламдық 
желі мен кәсіпорынның ішкі желісімен байланыс орнатудың ұтымды құралы 
болып есептеледі.


90 
90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет