Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)
Н 2-1-38-2021
1 баспа 05.01.2021
2
Оқу жұмыс бағдарламасы(силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген үлгілік немесе оқу
бағдарламасы негізінде жасалған (Хаттама № 11_ «_29_» _06 _2021ж.).
Курс саясаты.
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын
сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау
кестесіне сай орындап отыру қажет.
Студент
оқытушы
ұсынған
лекциялар
конспектісін,
видео-лекцияларды,
презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып,
әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8,
10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі.
Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100%
шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі:
бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада.
Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық
бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін)
болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың
максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі
аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми
LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-15 апталарында қосымша лекциялық
және практикалық сабақтар Zoom платформасында және оффлайн түрінде өткізіледі. Пәннің
коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Теориялық
немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда,
студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады.
1
Пәннің мақсаты мен
міндеттері
Пәнінің мақсаты
болып өндірістік сектордың салаларындағы
объективті экономикалық заңдардың, талаптары мен факторлардың
әрекетімен,
еңбектің
ұтымды
шығындары
барысындағы
қалыптасқан қорытынды түйіндерінің жоғарғы жетістіктерге
жетуін қамтамасыз етуді зерттеу негізінде студенттердің
экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: