Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет31/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021

ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ВОСПИТАНИЯ
қалыптасу, даму үстінде. Әсіресе соңғы 
жылдары оның зерттеу пәні, әдістері туралы, 
халықтық педагогикалық идеяларды бүгінгі 
тәрбие теориясы мен практикасында жүзеге 
асыру жолдарының мәселелері туралы 
зерттеулер едәуір көп. Бұлардың ішінде 
халықтық педагогиканың пайда болуы мен 
дамуы, қазіргі жайы жан-жақты сөз етіліп, 
оның теориялық - әдістемелік мәселелерін 
анықтауға бағытталған еңбектердің маңызы 
айтарлықтай [2]. 
Көрнекі 
қазақ 
ғалымдары
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, 
Ж. Аймауытов халықтық педагогиканың 
тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән 
берді. Сонымен қатар, этнопедагогика, 
халықтық педагогика мәселелеріне 
қатысты ой түйіндерді Г.Н. Волков, К.Ж. 
Кожахметова, Е.Л. Христова, З.Ә. Әбілова, 
Қ.Б. Жарықбаев, Ә. Табылдиев сияқты ғалым 
зерттеушілердің осы мәселені жан-жақты 
зерттеген еңбектерінен кездестіреміз. 
Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін 
қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі 
тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие 
алған ұрпақтың дені сау, ақылды, білімді, 
ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып 
өседі. Халықтың өмірін, рухын және 
тілдерінен тұратын ішкі заңдары, оның 
ұлттық мінезін, болмысын таныту бүгінгі 
таңда жастарымыздың тәрбиесіне берер 
пайдасы мол. Ұлттық тәрбие берудегі негізгі 
тетіктерін айырып, білім беру үрдісіне 
ендіру жолын дұрыстау – бүгінгі күндегі 
елеулі мәселелердің бірі. Ол тетіктерге 
біріншіден – мемлекетшілдік нышандарды 
дамыту, оны ұлттық тәрбиемен ұштастыру, 
сөйтіп, алдымен отаншылдық рухын ояту 
керектігін айта кету қажет. Ұлттың мәңгілік 
болуы оның уақытқа бағынбайтындығында 
және ұлттың мәңгілік болуы халқын, жерін, 
елін сүйетін азаматтарды қалыптастырып, 
тәрбиелеуде болмақ. Сондықтан да, жаңа 
ғасырды жақсы қарқынмен бастап келе 
жатқан егеменді еліміздің болашағы үшін 
саналы да, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудің 
ұлттық сипатын жандырып, дамыту жолында 
ұлттық болмысты қалыптастыру жолын 
нақтылағанымыз жөн. Өркениетке қадам 
басқан тұстағы оның алғышарттарының 
бірі ұлттық тәлім-тәрбие мен сапалы 
білім беру болып табылады. Себебі, 
жастарға ұлттық құндылықтар негізінде 
жан-жақты тәрбие беру – сол өркениетке 
жету жолындағы мұратымыздың кепілі. 
Біз – жаңадан аяғына тұрып келе жатқан 
дамушы мемлекетпіз. Егер де, қазіргі 
жағдайымыз бен күш-қуатымызды білім-
білік пен рухы биік жастарды отаншыл 
етіп тәрбиелер өнегелі білім беру жолына 
негіздегеніміз жөн. Бұл жайында еліміздің 
ертеңі – жастарымыздың өмірден өз 
орнын тауып, қарым-қабілеттерін шыңдап, 
әлеуетін анықтап, танытуына барынша 
жағдай жасау керек екендігі туралы Елбасы 
өзінің халыққа жолдауында да ашық айтқан 
болатын. Мұның өзі жастарды қоғамда 
белсенділігін арттыруға, олардың бойында 
ұлттық сана мен отаншылдық қасиеттердің 
дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуы 
үшін ашылған ақ жол тәрізді, рухты демеп 
отыратынына септігін тигізбек. Біз жастарды 
тәрбиелегенде шынайы отаншылдарды 
тәрбиелеуді естен шығармағанымыз жөн, 
себебі, солар ғана еліне игілікті істер 
тындырып ауқымды үлес қоса алады. 
Жалпы, келешек ұрпақтың қамын бүгін 
ойлау – аға ұрпақ борышы. 
Егемендік алып, тәуелсіз ел болған 
тұста біз тәрбие процесін ұлттар мен 
халықтардың, тайпалар мен ұлыстардың 
ғасырлар бойы қалыптасқан этностық белгі-
қасиеттеріне, салт-санасына, дәстүрлеріне 
негіздеуге ден қойып, халықтардың өткен 
тарихы мен салт-дәстүрлерін жаңғыртып, 
тәлім-тәрбиелік істерін қазіргі заман 
талабына сай қайта құруға бет бұруымыз 
–әлеуметтік өмір талабынан туындап 
отырған мәселе. Бұлар этнопедагогикалық 
зерттеулерде ұлттық тәлім-тәрбие істерінің 
мазмұнын тереңдетіп, объективті түрде 
шындықтың бетін ашып көрсетеді. Ал, біз 
қарастырып отырған ұлттық тәрбиелік 
білім беру – жаңа сипатта білім беру 
бағдарламасында зерттеліп келе жатқан 
ғылыми сала. 
Этнопедагогика ғылымы екі саладан 
тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-
дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және 
ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі 


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет