7.3.2 Портфолионы суммативті бағалау Сертификаттау/ресертификаттау барысында бағалау критерийлері мен стандарттар
талаптарына сәйкестігін растау үшін тренер портфолиосы алдымен бекітілген
экспертпен, сонан соң тәуелсіз экспертпен суммативті бағалау үдерісінен өтеді.
Тренер өз портфолиосын құрастыруға жауапты, дегенмен тренер мен экспертке
қолайлы болу үшін портфолионы бағалауда дәлелдемелердің минимальды
талаптары көрсетілген рубриканы қолдану қажет. Бұл рубрикалар суммативті және
формативті бағалау үшін де қолданылады. Тренер портфолиосын бағалау талаптары
6- қосымшада баяндалған.
Бағалау туралы шешім шығару үшін бағалаудың үш түйінді критерийіне сәйкес
тренер портфолиосының дәлелдемелерін тексеру эксперт рөлінің маңызды бөлігі
болып табылады. Бұл эксперттің нақты және әділ шешімдерді шығару үшін
критерийлерді біліп, түсінетіндігін көрсетеді.
Тренердің дәлелдемелері үш түйінді критерийге жеткілікті түрде сәйкес келетіндігін
анықтау үшін эксперт портфолионы біртұтас (холистикалық) қарастырады. Бұл
жоғары кәсіби пайымдау дәрежесін талап етеді.
Эксперт тренерлерге «есептелді» немесе «есептелмеді» бағасын қояды:
• тренер портфолиосы бағалаудың үш түйінді критерийіне сәйкес болса,
«есептелді» деген баға қойылады.
• делелдемелер жоқ немесе жеткіліксіз және талаптарға сәйкес болмаса,
есептелмеді» деген баға қойылады.