302
Дегенмен, поэзияда әдіс өзгерсе, оның әсері стильге тимей қоймайды.
«Бұл - стиль құрайтын шешуші фактор» [3]. Кейбір ғалымдар
(А.Н.Соколов)
аксиомаға
жақын
мынандай
тұжырым
жасайды:
«дүниетанымсыз әдіс туралы айта алмасақ, онда стиль жайлы сөз еткенде,
әдіске тоқталмау мүмкін емес - мұнда өзара тұтас байланыс бар» [4].
Әдіс пен стиль ақын қаламының ұшында тоғысады. Осы орайда
стильдің тарихи тұрғыдан өзгермелі болып келетінін Г.Н. Поспелов өзінің
«Әдеби стиль мәселесі» атты еңбегінде көрсеткен еді [5]. Дәл осылайша әдіс
жүйесінің де бір орында байыздап тұрмай, замана ағымына және дүние жүзі
әдебиетінің тыныс - деміне орай өзгеріп, сан құбылып отыратындығын Ш.
Елеукенов қазақ ақындарының ішінде әсіресе Мағжан творчествосында
кездесетіндігі арқылы дәлелдейді. «Схемалық түрге келтіргенде Мағжан
поэзиясы ағартушы реализм, сыншыл реализм, романтизм, реализм мен
романтизмнің өзгеше бір тоғысуында жаңа заман әуендеріне үн қосу
сатыларынан өткен» - деп жазады тұжырым жасаушы [3].
Бір дәірде шығармашылықпен айналысқан қаламгерлер тобына тән стиль
мен жеке қаламгер стилі арасында ортақтастық жоғарыда біз айтқан көркемдік
әдістен туындайтын әдеби ағымға тікелей байланысты. Мысалы, , қазақ
ақындары Абай, Мағжан, Сәкен сынды ақындар мен Еуропа ' ақындары
Байрон, Гете, Пушкин, Блок, Мережковский т.б. шығармашылығында
көркемдік әдіс қайталана отырып, өнердегі өмірді бейнелі суреттеудің ортақ
ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы бір емес, бірнеше елде әдеби ағым
(бағыт) туындатты. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т.с.с. Демек,
бірін-бірі танымайтын ақындардың стиль жағынан ұқсас келуінің өзі бір
жағынан идеялық-эстетикалық принциптердің орайлас келуі болса, екінші
жағынан олардың бір ағым өкілдері болып есептелуінде. Я болмаса «уақыт
талап етсе, өзге көркемдік жүйеде жазылған шығармаларды еске ала отырып,
соған орайлас туынды жасалуы ғажап емес» [3]. Мұның өзін әр дәуір
ақындарында кездесетін стильдік үндестік деуімзге де болады.
Қай ақынның болмасын стилінің байлығы – көркемдік ізденіс
нәтижесінің жемісі. Ақын суреткер ретінде марқайып, айрықша стиль
танытуына, шеберлік шыңына жетуіне өзінен бұрынғы ақындар мектебі, өз
ортасы, заманы айрықша әсер етеді. Сондай-ақ, жеке ақынның, тұтастай қазақ
лирикасының биігін межелеуде көркемдік әдіс, әдеби ағым, сөз саптаудағы
бейнелеуіш құралдар, көркемдік құрылымдар, бір сөзбен айтқанда стиль
шешуші роль атқарады. Осыған орай жоғарыда айтқандарымызды А.
Григорянның тұжырымымен қортындылайтын болсақ,: «Стиль әдіске де,
дүниетанымға да, суреткердің жеке басы мен жазу машығына да, өз дәуірі
жөніндегі ұғымы мен өз творчествосының ұлттық сипатына да бірдей
қатысты... Стиль - әлгі категориялардың кемел тұтастығы» болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: