345
Семіздік әрқашан ағзаның жұмысын тежейді: жүрек жұмысы ауырлайды,
қан айналымы бұзылады, демікпе пайда болып, адам тез шаршайды,
инфекциялардан қорғанысы әлсірейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, әлем
халқының 1/5 бөлігі немесе 1,7 млрд адам артық салмақтылар қатарына
жатқызылады. Бұл топтардағы адамдардың 250 миллионы созылмалы семіздік
ауруы мен оған қосарлана жүретін кең таралған ауруларға шалдыққан.
Әлемдегі мезгілінен бұрын болатын әрбір үшінші өлім-жітімнің семіздік пен
адамның аз қимылдауынан туындайтын аурулармен байланысты екендігі
анықталған. Қазіргі кезде семіздіктің таралу қарқындылығы соншалық, осылай
кете берсе бұл сандар 2025 жылға қарай екі еселенбек. Әр 10 жыл сайын артық
дене салмағы мен семіздіктің таралуы 10 пайызға өсіп отыр. [3]
Бұл мәселе – біздің елімізде де соңғы уақыттары кең етек ала бастады.
Мамандар семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбаудан және аз қимылдаудан
пайда болатындығын айтады. Артық салмақтылар жүрек-қантамырлары
ауруларына, жатыр мойны мен аналық, аталық бездердің, сүт безінің, тоқ
ішектің, бүйректің, бауырдың және өт қабының қатерлі ісіктері, остеопороз,
артрит, тыныс алу ағзаларының ауруларына жиі шалдығады. Сондай-ақ, бұл
дертке шалдыққандарды өмір жасы да 7 жылға қысқаратын көрінеді. БҰҰ-ның
азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының баяндамасында Орталық Азия
аймағындағы ең семіз адамдар – қазақстандықтар деп көрсетілген. Оған сенсек,
Қазақстандағы ересек адамдардың 24,4 пайызы семіз. Ұйым сарапшылары
«төрт миллионға жуық қазақстандықтың немесе елдің әрбір төртінші
тұрғынының артық салмағы бар» деп есептейді. Бұл, әрине, алаңдатарлық,
дабыл қағарлық жағдай.
Емдік дене шынықтыру анатомиялық және физиологиялық тіндер
бұзылыстарын қалпына келтіреді. Тарихына тоқталсақ, 1921 жылы сан-
курорттық орындар ашылғаннан бастап ЕДШ колданыла бастады. Емдік дене
шынықтыруға Гиппократ, Гегель аталарымыздың еңбегі зор. [4]
Достарыңызбен бөлісу: